Ақтөбе әкімі қызметінен кетті

Мұрат Жүребеков Ақтөбе әкімі қызметінен кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұрат Жүребеков Ақтөбе әкімі қызметін аяқтағанын және қала тұрғындарына алғысын айтты. Ол басқа қызметке ауысқан.

«Құрметті ақтөбеліктер! Қымбатты достар! Бүгін мен сіздермен Ақтөбе қаласының әкімі лауазымындағы қызметімді аяқтағаным жайында және орталыққа басқа жұмысқа ауысатыным туралы жаңалығымды бөлісіп отырмын.

Туған қалам — Ақтөбеме қызмет қылу — мен үшін биік мәртебе, зор жауапкершілік, үлкен тәжірибе мектебі болды. Өңір басшысы Ералы Лұқпанұлына, барлық әріптесіме ризашылығымды білдіремін. Қолдау көрсеткен барша Ақтөбе халқына алғысым шексіз.

Уақыт бір орнында тұрмайды. Әлі-ақ сіздермен бірлесіп бастаған жұмыстар қаламыздың дамуына оң әсерін береді деп сенемін. Арайлы Ақтөбемді еліміздің сәулетті шаһарларының қатарынан көретініме күмән жоқ.

Қадірлі жерлестер! Мен үшін сіздердің алғыстарыңыздан артық бата жоқ. Ендігі жерде жаңа қызметте елімнің дамуына еңбек етуді жалғастыра беремін. Арайлы Ақтөбені, оның асыл азаматтарын әркез биік тұтамын», — деді ол.

Еске салайық, Мұрат Жүребеков Ақтөбе әкімі қызметіне 2023 жылғы қаңтарда тағайындалған еді. Ол бұған дейін энергетика вице-министрі болған.

Кітап оқу өркениетті қоғам құрып, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – Президент

Президент бүгін Ақордада өтіп жатқан мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде қоғамда кітап оқу мәдениетін насихаттау туралы ой қозғап, мемлекеттің осы бағытта қолға алған бастамалары жөнінде айтты.

Енді қазақстандықтардың банк шоты аяқ астынан бұғатталмауы мүмкін 

Мәжілісте қаралып жатқан нотариаттық қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасында борышкерлерді атқарушылық жазба туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ету тетігі ұсынылды.

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады – Жаңа мәліметтер 

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта бұл норма үкіметте талқылануда.

Қазақстанның сыртқы қарызы 8,2 трлн теңгеге жетті

Қазақстанның сыртқы қарызының өсуі ел экономикасына қандай әсер етуі мүмкін деген сұрақ жиі көтеріледі. Сарапшылар қарыз көлемінің артуы бюджетке түсетін жүктемені күшейтіп, теңге бағамы мен инфляцияға ықпал етуі ықтимал екенін айтады.