Ақтөбе облысында жаза өтеу тәртібін бұзып, пробациялық бақылауға бағынбаған пробация есебіндегі сотталған бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаза өтеу тәртібі мен сот міндеттеген талаптарды бұзып, пробациялық бақылауға бағынбаған есепте тұрған сотталған бас бостандығынан айырылып, екінші қайтара түзеу мекемесіне жіберілді.

Мұғалжар ауданының тұрғыны бұған дейін алаяқтығы үшін сот үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын түзеу мекемесінде өтеген. 2023 жылы соттың қаулысымен сотталғанның тәртібінің жақсы болуына байланысты жазасы жеңілдетіліп, бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген 1 жыл 5 ай мерзімі бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылып, сол жылдың ақпан айында Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі Департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметіне есепке алынған.

Есепке қою кезінде Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметкерлері сотталған У- ға сот жүктеген міндеттерді орындау, жаза өтеу тәртіптерін бұзбау және бақылаудан жасырынбау, ойын-сауық орындарына бармау, мекен-жайды рұқсатсыз тастап кетпеу секілді міндеттерін түсіндіріп, жаза өтеу тәртібін бұзған жағдайда жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылатындығы жөнінде ескертіп, толық ақпараттандырады.

Алайда, пробация қызметкерлерінің ескертуіне құлақ аспаған сотталған У. сотпен жүктелген міндеттерді орындамай, яғни пробация қызметіне уақытылы белгіленуге келмей қояды және пробация қызметіне ескертпестен тұрғылықты мекен-жайын бірнеше рет тастап, аудан орталығына және қалаға, ойын-сауық орындарына барып отырған.

Пробациялық бақылауда тұрғанына қарамастан, бірнеше рет сот жүктеген міндеттерді бұзған сотталған У-ға қатысты Мұғалжар ауданынла ашық сот отырысы өтіп, оған қайта қылмыс жасауға бейім пробация қызметінің есебінде тұрған басқа да сотталғандар «сабақ алу» мақсатында қатыстырылды.

«Ашық сот отырысында сотталған У.-дың бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген қалған бөлігі, яғни 11 ай 22 күні бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Енді ол жазасын қайтадан темір тордың ар жағында өтейтін болады»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...

Амал мерекесі аталып өтті

Амал күні (Көрісу) – 14 наурызда тойланатын, қыстан аман-есен...

15 наурыз – Қайырымдылық күні

Бүгін Наурызнама аясында Қайырымдылық күні аталып өтеді. Бұл –...

Семейные ценности и ответственность — основа будущего

В учреждении минимальной безопасности в Семей Абайская область был...

Ұлттық салт-дәстүр – ұрпақ сабақтастығы

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай...