Ақтөбеде Қылмыстық- атқару жүйесі Департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері Ақтөбе қаласындағы Ұлттық ұлан №6655 әскери бөлімінің бақылаушы мамандарымен бірге мекемеге келген сәлем-сауқатты тексеру кезінде киім жуатын сұйық ұнтақ құйылған пластикалық ыдыстың ішінен целлофан пакетіне оралған қара-қоңыр түсті белгісіз затты тауып, тәркіледі.
Белгісіз зат 26 жастағы қала тұрғыны К. А. есімді азаматшаның түзеу мекемесінде «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша жазасын өтеп жатырған сотталған ағасына әкелген киім жуатын ұнтақтың ішінен табылды.
– Құқық бұзушыға ҚР Қылмыстық Кодексiнің 297-бабы бойынша хаттама толтырылып, тергеу амалдары басталды. Сараптама нәтижесі белгісіз заттың есірткі екендігін дәлелдеген жағдайда, құқық бұзушыға 5 жылдан 10 жылга дейн бас бостандығынан айырылады. Ал қылмыстық құрамы анықталмаған жағдайда, іс қысқартылады, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің бастығы Руслан Уразбаев.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз қызметі,
Фотоларды Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз қызметі ұсынды


