Аудан және қала әкімі сайлауына қанша қаражат жұмсалады?

Орталық сайлау комиссиясында аудан мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауға жұмсалатын қаражат көлемі айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафинаның айтуынша, сайлауға республикалық емес, жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді.

«Бүгін өңірлер мәслихатының шешімімен 2,2 миллиард теңге бөлінді», — деп жауап берді Мұстафина журналистің сұрағына.

Еске салайық, қарашаның басында Абай облысында Курчатов пен Абай ауданында әкімдер сайланады. Бұдан басқа, Қарағанды облысында да аудан мен қалада екі әкімі таңдалады.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл елімізде алғаш рет 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалаларда әкімдер сайланатынын мәлімдеді.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.