12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттары кеңейеді

  Өзге өркениетті елдердегідей бүгінгі заман ағымы өмірімізге алқабилер сотын енгізуді талап етті. Алақабилер институты қылмыстық процесстің шешімін табуында өз қажеттілігін дәлелдеді.  Алқабилер – қарапайым халықтың өкілі. Сондықтан халықтың атынан сотқа қатысады. Бұл алқаның әрбір мүшесіне үлкен жауапкершілік жүктейді. Қылмыстық процессте алқа билер сотының қажеттілігі олардың жауапкершілігі артқан сайын айқындала түсуде.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабының 2-бөлігінде,  заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылатыны белгіленген.

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы №121 Заңына сәйкес, 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап Елімізде алқабилер соты қолданысқа енгізілді.

Ол кезде алқабилер қатысатын сот құрамы облыстық және оған теңестірілген соттарда әрекет етті және аталған санаттағы істерді қарауға екі судья және тоғыз алқабидің қатысуы тиіс болатын.

Елімізде 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарда және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттарда алқабилердің қатысуымен сот бір судьяның және он алқабидің құрамында әрекет етеді.

Судья алдын ала тыңдауды сотталушыларды, соның ішінде өздеріне iстi алқабилердiң қатысуымен қарау құқығы тиесілі емес сотталушыларды және олардың қорғаушыларын мiндеттi түрде қатыстыра отырып, жеке-дара өткiзедi.

Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат мәлімделмесе, судья сотталушыға оның осы сот отырысында тікелей мәлімделуі мүмкін екенін түсіндіреді. Сотталушының ауызша өтінішхаты сот отырысының хаттамасына енгізіледі, жазбаша өтінішхат іске қоса тігіледі. Сотталушының істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өз өтінішхатынан бас тартуы, сондай-ақ оның осындай өтінішхатты мәлімдегісі келмейтіні сот отырысының хаттамасында, не іске қоса тігілетін сотталушының жазбаша өтінішхатында көрсетіледі.

Егер сотталушы өз ісiн алқабилер қатысатын сотқа қарату туралы өз өтiнiшхатын растаса, онда судья осы өтiнiшхатты қанағаттандыру туралы шешiм қабылдайды. Бұл ретте басқа сотталушылардың пікірі ескерілмейді және мемлекеттiк айыптаушы, жәбiрленушi, сотталушы және оның қорғаушысы мәлiмдеген басқа өтiнiшхаттарды қарауға көшедi. Судьяның iстi алқабилер қатысатын соттың қарауы туралы мәселе жөніндегі қаулысы түпкiлiктi болып табылады. Одан әрі қаулы сотталушының ұстанымының өзгеруіне орай қайта қаралмайды.

Егер сотталушы істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат мәлімдесе немесе бұл туралы бұрын мәлімделген өтінішхатты растаса, судья сот отырысын тағайындау туралы қаулыда iстi алқабилер қатысатын соттың қарайтынын көрсетедi және осы сот отырысына шақырылуға жататын алқабиге кандидаттардың санын айқындайды, олардың саны жиырма бестен кем болмауға тиiс.

Судья істi алқабилер қатысатын соттың қарауына тағайындау туралы қаулы шығарылғаннан кейiн сот отырысының хатшысына саны қаулыда көрсетiлген алқабиге кандидаттарды алқабиге iрiктеу үшiн олардың сот отырысына келуiн қамтамасыз ету туралы өкiм бередi.

Хабарлама алған азаматтар алқабилердi iрiктеу рәсiмiне қатысу үшiн сотқа келуге мiндеттi.

Кандидаттар ішінен алқабилердi iрiктеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодекстің 639-бабының талаптары орындалғаннан кейiн, төрағалық етушiнiң алқабиге кандидаттарды iстi қарауға қатысудан босатуы, өздiгiнен бас тарту туралы мәселелердi шешу, қарсылық білдіру туралы мәселелердi шешу, алқабиге кандидаттарға уәжсіз қарсылық білдіру арқылы жүзеге асырылады.

Егер сотқа шақырылған алқабиге кандидаттардың жиырма бестен кем болса, не олардың кейбiрiн сот талқылауына қатысудан босатқаннан кейiн немесе төрағалық етушi судья өздiгiнен бас тартулар мен қарсылық білдірулерді қанағаттандырғаннан кейiн олар он жетiден азайып қалса, төрағалық етушi сот отырысының хатшысына алқабиге кандидаттар құрамының жетiспейтiн санын бырыңғай және қосалқы тiзiмнен толықтыру туралы өкiм бередi. Бұл жағдайда сот отырысында алқабиге бырыңғай және қосалқы кандидаттарды шақыру үшiн үзiлiс жарияланады.

Жалпы тәртіп осындай.

Алқабилер сотының ерекшелігі, ол сот төрелігін жүзеге асыруға кәсіби судьямен бірге арнайы құқықтық білімі жоқ, заңда белгіленген шектеулерден өтіп арнайы таңдап алынған қоғам өкілдерінің  қатысуы.

Алқабилердің қатысуымен өткен сот процестері, алқабилердің қатысуымен қаралған істер, тәжірибе көрсеткендей өте жоғары деңгейде өтеді.

Өйткені, алқаби құрамындағы қарапайым адамдардың көзін жеткізу үшін мемлекеттік айыптаушы мен қорғаушының уәждері мен дәлелдері өте сауатты әрі нанымды болуы қажет.

Алқабилер қарапайым халықтың өкілі. Сондықтан, халық атынан сотқа қатысып отырғандықтан олардың жауапкершіліктері аса жоғары болу шарт.

Соттарда, 2010-жылдан 2013 жылдың шілде айына дейін алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің саны бүгінгі күнмен салыстырғанда едәуір көп болды. Себебі сол уақытта аралығында қолданыста болған заңға сәйкес, (ҚІЖК-нің 543-бабы) Қылмыстық кодексінің 162 (екінші және үшінші бөліктерінде), 163 (екінші бөлігінде), 165, 166, 166-1, 167, 168 (бірінші бөлігінде), 169, 171, 233 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 233-2 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 233-4 (екінші бөлігінде), 234 (үшінші бөлігінде), 234(үшінші бөлігінде), 238 (үшінші бөлігінде), 239 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар бойынша істерді, сондай-ақ көрсетілген әрекеттерді есі дұрыс емес күйінде жасаған не оларды жасағаннан кейін жүйке ауруына ұшыраған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қоспағанда, барлық аса ауыр қылмыстар туралы істерді алқабилердің қатысуымен қаралатын.

Одан кейінгі заңға енген өзгерістерге сәйкес, кейбір қылмыс құрамдарынан басқа, жасалғаны үшін қылмыстық заңда өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстық істер ғана алқабилердің қатысуымен қаралатын болды.  Осыған сәйкес, алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің саны күрт төмендеп кетті. Себебі, кез келген аса ауыр айыппен сотқа берілген сотталушыларда өздеріне қатысты қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарату жөнінде өтініш беруі мүмкіншілігі болмады.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен, құрылған күннен бастап бүгінгі күнге дейін, алқабилердің қатысуымен қаралаған қылмыстық істер жөніндегі статистикалық деректеріне көз жүгіртер болсақ, 2010 жылы 7- іс, 2011-жылы 3-іс, 2012-жылы 1-іс, 2013 жылы 6-іс, 2014 жылы 1-іс, 2016 жылы 1-іс, 2017 жылы 3-іс, 2018 жылы 2-іс, 2020 жылы 2-іс, 2021 жылы 5-іс, 2022 жылы 2-іс қаралған.

Қазақстан Республикасының 2019 жылдың 27-ші желтоқсанындағы №292-VI Заңына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелері 2023 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

2022 жылы алқабилердің қатысуымен қаралатын істер 14санатты құраса 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 32санатты құрайды, яғни өткен жылдармен салыстылғанда 18 санатқа көбейген.

     Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сот алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейту бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңына сәйкес Қылмыстық-процестік кодексінің 52-баптың бірінші бөлігіне, 309-баптың екінші бөлігінің 2) тармағына, 309-баптың екінші бөлігінің 2) тармағына, 321-баптың төртінші бөлігіне, 631-баптың бірінші және екінші бөліктеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

     Осы өзгерістерге тоқтала өтсем Қылмыстық-процестік кодексінің308-баптың екінші бөлігіне сәйкес Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттылығына Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген аса ауыр қылмыстар туралы, 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 146 (екінші және үшінші бөліктерінде), 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.» Бұл дегеніміз 2024 жылдан бастап қылмыстық соттардың соттылығына жататын қылмыстық істердің санаты артады деген сөз.

Яғни осы өгерістер негізінде 2024 жылдан бастап қылмыстық соттардың соттылығна берілетін қылмыстық істерде алқабилердің қатысуымен қаралуға жатады. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап алқабилердің қатысуымен қаралатын істер санаты 32 істен 45 іске дейін көбейді.

М.Ш.Ибрашев,

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төраға

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...