Алматы әкімдігі хостелге қатысты мәлімдеме жасады

Алматы әкімдігі 13 адам қаза тапқан хостелге қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Хостел бір жарым ай бұрын ашылған, үй-жай кепілге қойылған мүлік ретінде Halyk Bank-ке тиесілі, банк оны жалға берген. Бұл хостел Алматыдағы жоғары оқу орындарымен студенттерді орналастыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасамаған.

Студенттерден бұл хостелде тұруға өтініш түскен жоқ, студенттерді хостелге орналастыру шаралары жасалмаған», — деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Хостелде, алдын ала мәлімет бойынша, 72 адам болған, 59 адам эвакуацияланған. Өртті сөндіруге Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің 46 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылған.

Үкімет хостелдегі өртті тергеу бойынша комиссия құрды. Сондай-ақ, өрт дерегі бойынша қылымыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...