Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №10 мекемесіне мерекелік концертпен танымал әншілер мен спортшылар келді

Алматы облысы мәслихатының депутаты Билалдин Үшуров, Алматы қаласы ушу және кунг-фу федерациясының президенті Азамат Дүйсеев, вице-президент Зайниддин Гожахметов, «Алматы Арена» бокстан аға жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алик Жалилов, X-фактор финалисті, эстрада әншісі Абдулкарим Кәрімов және Ингушетияның еңбек сіңірген әртісі Шамхан Далдаев өз концерттік бағдарламаларымен Республикада жалғыз балалар үйі орналасқан әйелдер колониясына сыйлықтарымен келді.

Сотталған әйелдер қонақтарды «Джокер» театрландырылған қойылымымен қарсы алды, содан кейін сахнада әншілер өздерінің хиттерін орындап, әйелдерге жаңа әндерін дебют жасады. Мекеменің акт залында керемет атмосфера құрылып, әйелдер әртістердің әндерін қосылып шырқап, көңілді биледі.

«Бұл ең керемет қойылымдардың бірі болғаны сөзсіз. Біз мұны күткен жоқпыз, бәріміз таңғалдық. Мұнда өте талантты және әдемі әйелдер, олар тек үйлеріне тезірек оралуларын тілейміз»,-деп эстрада әншісі өз әсерімен бөлісті.

Іс-шара соңында, қонақтар әйелдер мен балаларға әкелінген сыйлықтарды, сондай-ақ сахнада өнер көрсеткен әйелдерге алғыс хаттар табыс етті.

Іс-шара қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

В области Абай подписан меморандум о сотрудничестве по ресоциализации осужденных

Департамент уголовно-исполнительной системы по области Абай подписал меморандум о...

Абай облысында сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті «ЛУЧ» қайта әлеуметтендіру...

ҚАЖ қызметкерлері Ауған соғысының ардагерімен кездесті

Абай облысында қауіпсіздігі ең төмен мекеме қызметкерлері ауруханадан шыққан...

Сотрудники УИС навестили ветерана Афганской войны после его выздоровления

В области Абай сотрудники учреждения минимальной безопасности навестили ветерана...

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...