Алматы тауларында заңсыз салынған қанша нысан сүріледі?

Сот Алматы әкімдігінің талап арызының негізінде тауда заңсыз салынған 10 нысанды бұзуға шешім шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Төлебаев биылдан бастап сотқа заңсыз тұрғызылған объектілерді бұзу туралы 53 талап арыз жіберілгенін (17 қанағаттандырылды, 36 қарауда) хабарлады. Оның 19-ы бұзылып, 20-сы тоқтатылды, сонымен қатар, 247 құрылыс лицензиясы тоқтатылды.

Басқарма былтырдан бері Алматы тауларында заңсыз салынған 52 нысанды анықтады. Оның ішінде ең көп — Медеу (24) және Бостандық аудандарында (21). Сотқа 42 талап арыз жазылып, оның 16-ы бойынша шешім шықты. 10 нысан бұзылып, тағы алты құрылыс салушы сот бұйрығын орындауы керек.

740 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, жалпы сомасы 187 миллион теңгеге әкімшілік айыппұл салынған 956 заңбұзушылық анықталған.

«Сапасыз құрылыс және құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін 35,7 миллион сомаға 47 мердігер ұйым жауапқа тартылды. Олардың ішінде — 9 миллион теңге сомасына бюджеттік объектілер бойынша 14 мердігер ұйым бар. Алматы қаласы әкімінің бастамасымен Президенттің қолдауымен тексеру жүргізу тәртібін қайта қарап, салынып жатқан объектілерге бақылауды күшейту жөнінде түзетулер енгізіледі. Тиісті заң жобасы парламенттің қарауына жіберілді», — деді Олжас Төлебаев.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Елімізде кәсіпкерлерге лицензия беру тәртібі өзгерді

Қазақстанда бизнеске арналған кейбір лицензиялар мен рұқсат автоматты түрде беріле бастады. Бұрын лицензия алу үшін 15–30 күн күту керек болса, енді оны жылдам ала аласыз.

Қазақстан ағылшын тілін меңгеру рейтингінде сегіз сатыға көтерілді 

Халықаралық EF Education First білім беру компаниясының жаңа деректеріне сәйкес, Қазақстан 424 балл жинаған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 417 балл болған. Ал былтыр рейтингте 104-орында тұрған Өзбекстан биыл 101-сатыға жайғасты.

АӘК алу қиындай ма? 2027 жылдан бастап не өзгереді? 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау және төлеу қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енеді.

Желтоқсандағы демалыс: Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады? 

Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады? 2026 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда...