Алматыда 7 және 9 мамыр қалай тойланады?

Алматыда 7 және 9 мамырда бірқатар мерекелік шаралар жоспарланған. Мерекелік іс-шара 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда 7 мамырда сағат 11:00-де Отан қорғаушы күнін мерекелеу аясында 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта мерекелік концерт пен әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі өтеді.

Концертке әскери қызметшілер, әскери үрмелі оркестр, сондай-ақ сахнада Бағлан Әбдірайымов, Толқын Забирова, «IL Canto» квартеті, Жәмила Серкебаева және т. б. өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында өтеді.

Алатау ауданында ардагерлер мен жастардың қатысуымен «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қою 7 мамыр күні таңғы сағат 10:00-де Жанқожа батыр көшесі, 26 мекенжайдағы аудан әкімдігі ғимаратының алдында болады. Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара 7 мамырда сағат 11:00-де Атлеттер ауылында өтеді;

Алмалы ауданында «Елім менің» патриоттық әндер орындаушыларының байқауы 7 мамырда сағат 17:00-де Арбатта өтеді.

Бостандық ауданында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара 5 мамырда сағат 11:00-де Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің «Оңтүстік» өңірлік командованиясында өтеді, Попов көшесі, 1а

Жетісу ауданында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, ардагерлер ұйымдарының активі мен Қарулы Күштер өкілдерінің қатысуымен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт 7 мамырда сағат 14:00-де Кемел шағын ауданындағы Есім хан көшесі, 127А-да өтеді;

Медеу ауданында Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік концерт 6 мамырда, Ғылым Академиясы ғимаратының алдындағы алаңда (Шевченко көшесі, 28) сағат 10:00-де өтеді;

Наурызбай ауданында Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты концерт 5 мамырда сағат 10:00-де Ақжар шағын ауданы, Дәулеткерей көшесі, 178 мекенжайдағы әскери бөлімде өтеді.

Түрксіб ауданында Отан қорғаушы күніне арналған бағдарлама 6 мамырда, ҚР құрлық әскери институтында (Красногорская, 4) сағат 11:00-де өтеді.

9 мамырда Алматыдағы негізгі мерекелік шаралар 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтеді. Таңертең қала ардагерлері мен белсенділерінің қатысуымен гүл шоқтарын қою рәсімі, әскери қызметкерлердің салтанатты маршпен өтуі, Алматы қаласы әкімінің қатысуымен эстрадалық және симфониялық оркестрдің мерекелік концерті өтеді.

Мереке күні Алматы арнайы жобаланған билбордтармен, медиабордтармен, LED экрандармен безендіріледі. Сондай-ақ, 50 000 «Жеңіс» лентасы жасалып, еріктілер халыққа таратады.

Саябақ тақырыптық дизайнмен қамтамасыз етіледі (брендмауэр, Әскер үйінің қасбеті), МАФ, концертке арналған сахна, ардагерлерге арналған шатырлар, дала асханасы, ҰОС батырларының тірі «мүсіндері-спектакльдерінің» көрсетілімі орналастырылады.

Сонымен қатар, заманауи қазақстандық әскери техника мен қару-жарақ көрмесі көрсетіледі.

Қаланың әр жерінде аудан әкімдерімен бірге қала аумағында орналасқан мемориалдық тақталарға, ескерткіштерге, соғыс қаһармандарының ескерткіштеріне (Б.Момышұлы ескерткіші, Т.Бигелдинов, С.Нұрмағамбетов ескерткіштері) гүл шоқтары қойылады.

Сағат 10:00-ден 14:30-ға дейін Вознеский соборының алдындағы алаңда (28 гвардиялық панфиловшылар саябағы) концерттік бағдарлама өтеді.

11:00-ден 16:30-ға дейін Арбатта (Жібек жолы мен Панфилов көшелерінің қиылысы) және Ш.Уәлиханов атындағы алаңда қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттер өтеді.

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?