Алматыда қай тұрғын үй кешендерінен баспана алу ұсынылмайды: жаңа тізім

Алматыда пәтер сатып алу ұсынылмайтын тұрғын үй кешендері тізімі жаңартылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, 2024 жылғы 26 қаңтардағы жағдай бойынша бұл тізім 45 тұрғын үй кешенінен қамтиды.

«Тізімге құрылысқа рұқсат берілген құжаты толық емес, сонымен қатар жобадан ауытқыған және басқа да заңбұзушылықтармен салынған бірқатар ТҮК қосылды. Айта кетерлігі, тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаты жоқ нысандар кірді», — делінген хабарламада.

Басқарманың дерегінше, осындай ТҮК бойынша ұсыныстар интернет ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады.

«Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасының +7 705 89 66 000 WhatsApp анықтамалық желісі бойынша ТҮК құжатының бар-жоғына көз жеткізуге кеңес береміз», — делінген хабарламада.

Алатау ауданы

  • «Питтсбург» ТҮК
  • «ORDA CITY» КПТҮ
  • «Dostar Deluxe» КПТҮ

Алмалы ауданы

  • «Auezov Apartaments» ТҮК
    «Tole BI Residence» ТҮК

Наурызбай ауданы

  • «Apple Park» ТҮК
  • «Люксембург» ТҮК
  • «Мұнартау» ТҮК
  • Таунхаус, мекенжайы: Қарағайлы шағынауданы, 2-ші бөлімше
  • «Sofia Village» коттедж қалашығы
  • «Flora» ТҮК
  • «Lantana» ТҮК
  • «Французский дом» ТҮК
  • КПТҮ мекенжайы: Кенесары хан көшесі, 98 уч.
  • Қарағайлы шағынауданы, Құралай көшесі, 37-үй бойынша блокталған үй

Бостандық ауданы

  • «Баганашыл» КПТҮ
  • «Швейцария» ТҮК
  • «Rich» клуб үйі
  • «Khan» клуб үйі
    5. «Graff» ТҮК
  • Ерменсай шағынауданы, Жәңгір хан көшесі, 46 мекенжайындағы КПТҮ
  • «Pine Hills» клуб үйі
  • Клуб үйі: Нұр-Алатау шағынауданы, Қ.Тауасарұлы көшесі, 71/21 үй
  • Асқар тау шағынауданы, Жансая көшесі, 17б мекенжайындағы блокталған үй
  • «EVIM NOVO» ТҮК
  • «Баракат» ТҮК
  • Ерменсай шағынауданы, Жәңгір хан көшесі, 39, 41 мекенжайындағы таунхаус
  • Клуб үйі: Нұр Алатау шағынауданы, Баязитова көшесі, 13-уч.
  • Клуб үйі: Әл- Фараби, 128/3 уч.

Медеу ауданы

  • «Sky Club House» клуб үйі
  • «Priority» клуб үйі
  • «Sky Park» ТҮК
  • «Мечта» таунхаусы
  • Достық даңғ, 170/1 мекенжайындағы ТҮК
  • «Maison» клуб үйі
  • «Demeu Residence» клуб үйі
  • «Pine Hill Residence» клуб үйі
  • «Alma Garden» клуб үйі
  • «Chelsea Club House» клуб үйі
  • «Domino Life» ТҮК
  • «Monterosa» КПТҮ
  • 3-көше, 12-уч мекенжайдағы таунхаус
  • Оспанов көшесі, 89/10 мекенжайдағы таунхаус
  • Нұрмағамбетов көшесі, 374/1 18 мекенжайдағы КПТҮ
  • «Damac House» клуб үйі

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...