Алматыда жаңа теміржол вокзалы бой көтереді

Алматыда үшінші теміржол вокзалының құрылысы басталады, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда үшінші теміржол вокзалының жобасы таныстырылды.

Бұл жоба бұрын жарияланған бірқатар құжатта, соның ішінде Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына енгізілген.

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алатау ауданындағы Алматы-3 вокзалының құрылысы агломерацияны дамыту жөніндегі жобалар кешеніне кіреді. Жаңа теміржол платформасы жүк және жолаушылар легінің бір бөлігін қайта бағдарлауға, сонымен қатар, айналымға қосымша жолаушылар пойыздарын қосуға мүмкіндік береді. Соның есебінен қалалық автожол инфрақұрылымының жүктемесі азаяды.

«Жаңа теміржол платформасын салуға арналған аумақ «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға тиесілі магистральдық желіде орналасқан. Вокзал Мәдениет шағын ауданы маңында салынады. Платформаны «Қазақстан темір жолы» салады. Біздің басты міндетіміз – ЕТЖ-да вокзал мен вокзал маңындағы алаңды қамтамасыз ету болды. Қазір техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып жатыр. Біз оның мерзімін 2026-2027 жылдар деп қарастырып отырмыз», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.