Алматыда автобус апатынан төрт бала ата-анасыз қалды

Алматыда автобус апатынан үш адам қаза тапты, оның екеуі ерлі-зайыпты. Төрт бала әкесі мен анасынан айырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Жол апатынан ерлі-зайыпты Талап Косимов пен Гүлжахан Ирсімбетова қаза тапты. Ерлі-зайыпты жұмыстан үйге қайтып келе жатқан. Олар жол бойында такси ұстап тұрған. Осы кезде оларды автобус қағып кеткен.

Енді үлкендері інісіне ата-анасы енді жоқ екенін қалай түсіндірерін білмейді. Бала небәрі 5 жаста.

«Кішісі үйге қонақтар келді деп ойлайды. Жүгіріп, ойнап жүр. Ата-анасы жақында келеді деп ойлайды. Анасы мен әкесі қайда деп сұрағанда не деп жауап беретінімізді білмеймін. Мәйітханада мәйітті орап, ашуға тыйым салды. Қатты соққыдан бет-әлпеті тануға келмейді. Жаназаға дейін жуындырмады да. Олар үнемі бірге жүретін. Үнемі үйге асығатын. Балалар таң атқанша анасы мен әкесін күтті», – дейді туысы Гүлнар Тұрсынбекова.

Марқұмдардың туыстары ерлі-зайыпты үйге оралмаған кезде үлкен қызы бірдеңе дұрыс емес екенін сезгенін айтады. Әкесі мен анасын іздей бастаған. Қыз аурухана мен полицияға хабарласқан. Кейін ата-анасының денесі мәйітханада екенін білген.

«Полиция қызметкерлерінің қолдарында жеке куәліктері болған. Бірақ бізге ешкім қоңырау шалған да жоқ. Біз өзіміз іздеп, мәйіттер мәйітханада жатқанын білдік. Автобус ағамыз бен жеңгемізді басып кеткен. Неліктен күдікті «Бұзақылық» бойынша ұсталып отыр. Адамдар өлді. Жүргізуші мен жолаушы арасында жанжал шыққанын естідік. Жүргізуші үндемей қалуы керек еді», – дейді туысы Абдулла Құрбанов.

Талап пен Гүлжахан студенттік жылдары танысқан. Олар ширек ғасыр бірге өмір сүрген. 45 жастағы ерлі-зайыпты мектепте жұмыс істеген. Екеуі де қазақ әдебиетінен сабақ берген.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...