12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алимен төлемегендерге жаза қатаң

Әр түрлі өмірлік жағдайларға байланысты алименттерді төлеу немесе сұрату қажеттілігі туындауы мүмкін. Осы мақалада алимент деген не, алиментті кім талап ете алады және кім төлеуі тиіс екенін, алименттерді талап ету тәртібі қандай, алименттердің қандай мөлшері заңнамада көзделген және алименттер төленбесе не істеу керектігі жайында біле аласыздар. Соңғы кездері отбасылық жағдайға байланысты ажырасудың саны артып барады. Мұның салдарынан ата мен ананың ортасында қалған балалар көп зардап шегуде. Ажырасудың басым бөлігі отағасының тұрақты жұмыс жасап, ақша таппауынан туындап отыр. Ақша тауып отбасын асырай алмаған әке алиментті төлей алмайды, балаларының алдында борышкер болып жүрген жағдайлар елімізде көптеп кездеседі.

Алименттердің неғұрлым таралған жағдайы – баланы асырауға төленетін төлемдер, алайда алименттер балалардың анасына және өздерін асырай алмайтын зайыбына және ата-анасына төленуі мүмкін. Қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған. Неге? Өйткені біздің ата бабамымыздың иманы күшті болған. Олар өмірдегі кез келген құбылысқа үлкен салмақпен қарап, байыпты шешім шығаратын.

Бүгінде өз туғанына тапқан-таянған нәпақасын беріп, алимент төлеуде әртүрлі себептерді алға тартатын немесе жауапты істің үддесінен шығуды кейінге қалдырудан шаршамайтын «көкек әкелердің» бұл қаншама аналарды жүдетіп, жүйкесін жұқартып жатқаны ащы щыңдық. Әрине, балаларының нәпақасы дейміз. Ал, бір отбасын былай қойғанда өзінің басын асырай алмайтын әкелер де кездеседі. Енді бірі жауапкершіліктен қашуыда мүмкін.

Осы ретте, өндіріп алушы 3 айдан астам уақыт алимент алмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша борышкерді қылмыстық жазаға тартуға жеке шағым білдіре алады. ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес, ата-ананың сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегіз жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден 3 айдан астам уақыт әдейі жалтарғанда екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыруға жазаланады. Бұл жерде айта кететін жағдай, баяндалып отырған бап бойынша қылмыстық іс өндіріп алушының жеке айыптау шағымының негізінде қозғалады.

Ойран болған отбасылар мен ата-анасыз тәрбиеленіп жатқан балалардың мәселесі құзырлы органдар үшін өзекті болып тұр. Қазір ажырасқысы келетін жұптарға алдымен медиация қызметі ұсынылады. Сонымен қатар, балалары үшін әке мен ана медиациялық келісімге келіп, әкенің балаларына төлей алатын қаржысын белгілеп, соны төлеп отыруына болады. Ал, мұндай келісім шартқа сот орындаушының қатысуымен жасай алады. Осындай келісімді көп әкелер біле бермейді. Медиациялық келісім шарт арқылы балаларына төлей алатын қаржысын да төлеп, өзінің жеке басына қажетті қаржысын да алып отырады. Сонымен қатар, медиациялық келісім шарт жасалғаннан кейін бұғатталған шоттар да ашылады. Алииент төлемеген жаңдайда, заң талаптары қатал. Әрбір Қазақастанның азаматы ҚР Заңына бағыну шарт.

Себебі, алимент өндіру туралы атқару құжаттарының толық әрі нақты орындалуы тікелей ана мен баланың құқығының қорғалуына септігін тигізеді. Алимент өндіру туралы атқару өндірісі әрқашан ерекше назарда және бақылауда, олардың нақты орындалуына бүгінгі күні барлық жұмыстар жасалуды, себебі – әр бала бақытты болу үшін жаралған. Қазақстанда толық емес отбасында тәрбиеленетін балалардың саны артып барады. Себебі, жастар арасында ажырасу көп. Ең сорақысы, кейінгі кезде көкек аналар көбейіп кеткен. Бұрын алимент төлейтіндердің көбі ер кісілер болса, енді олардың қатарына әйелдер де қосылып отыр.

Көрнекті ғалым Мекемтас Мырзахметов телеэфирлердің бірінде  «қазіргі қазақтар ұлттық кодынан айырылып қалған» деп күйінді. Онысы жөн. Осы күні біз жөргегімізден безінуші ме едік? Мысалы санасында ұлттық коды жаңғырып тұрған ата-бабаларымыз қандай еді? Аядай ғана киіз үйде шүпірлеген бала-шағасымен шүйіркелесіп отырушы еді ғой! Ал ХХІ ғасырдың желөкпелері кең дүниеге сыймай жүр. Отыздан асса да ой-өрісі кемшін соғып жататын қыз-жігіттердің некеге немқұрайлы қарамайтыны жанға бататыны анық.

Тағы бір айта кететін жайт, қазіргі таңда алимент төлемей жүрген борышкерлердің басым бөлігі заңды тұрғыдан жұмыс жасаудан басын алып қашады. Себебі, бір ай жұмыс жасап алатын жалақысының 50 пайызын алиментке ұстап отырады. Ал, оны төлемеген жағдайда сот орындаушысы борышкердің атындағы барлық төлем шоттарын бұғаттап және шетелге шығу құқығынан да айырады. Ал, сот орындаушысының борышкердің барлық шотын бұғаттау заңды ма? Көпшілікті толғандырған осы сұраққа да жауап іздеп көрелік.

 Жеке сот орындаушылар үстінен қозғалатын сот істерінің жартысынан көбі шағымданушы пайдасына шешіледі.  Мәселен, банктік шоттарды бұғаттаған кезде жеке сот орындаушылар шешімде бұғатталған соманы көрсетеді. Іс жүзінде екінші деңгейлі банктер шоттың барлығын бұғаттап тастайды. Салдарынан борышкер, тіпті дүкенде азық-түлік сатып алу мүмкіндігінен де айырылады. Шындығына келгенде бұл да үлкен мәселенің бірі болып отыр. Себебі, қазіргі таңда цифрлық заманда, барлық сатып алу мен аударымдар банк картасы арқылы жүзеге асады. Ал, қалтасында ақшасы қалмаған, шоттары бұғатталған борышкер күн көріс көзіне ақшаны қайдан табады?! Борышкерді қыспаққа алу арқылы алиментті өндіріп аламыз деудің салдары құқық бұзушылыққа алап келіп соқпасына кім кепіл? Сондықтан да борышкердің де жағдайына бір сәт болса үңілгеніміз дұрыс болар. 

                                                                 Ахатаев Санғылбай Махатұлы

                                                                 Кентау ауданаралық сот  актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі филиалының  аға сот орындаушысы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...