Алимент төлемей жүрген қанша қазақстандық іздеуде?

Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1 618 адам іздеуде жүр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, іздеуде жүргендердің ішінде: ерлер-1476, әйелдер — 142. Іздестіруде жүргендердің көбі 31 жастан 40 жасқа дейін.

Олардың көп бөлігі:

Астана — 361,
Алматы — 191,
Ақтөбе — 143,
Қостанай — 140,
Жамбыл — 140,
Павлодар — 108,
Алматы — 102,
Маңғыстау — 59 облыстарында іздеу жарияланғандар.
2023 жылдың 9 айында СДТБТ-да алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау фактілері бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген (қылмыстық кодекстің 139-бабы). Ал Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Аймақ бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтадың ең көп бөлігі:

Маңғыстау — 46,
Алматы (о) — 45,
Қостанай — 44,
Шығыс Қазақстан — 43,
Павлодар — 40,
Қарағанды — 35,
Абай — 32,
Ақмола — 26,
Солтүстік Қазақстан-21,
Астанада — 17 облыстарында тіркелген.
Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 207 адам сотталды.

4 — бас бостандығынан айырылды,
2 — шартты түрде сотталды,
196 — бас бостандығын шектетілді,
5 — қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Жалпы алимент бойынша сот орындаушылардың өндірісінде алимент өндіріп алу туралы 309 670 атқарушылық іс орындауда болды.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.

Қазақстан дәрі-дәрмегі Ауғанстан нарығына шығуы мүмкін 

2025 жылы Қазақстанның фармацевтикалық өнім экспорты 17,8 пайызға өсті. Енді отандық өндірушілер өнім жеткізу географиясын кеңейтіп, Ауғанстан нарығына шығуды көздеп отыр.

Жұмыс қысқара ма, мүмкіндік көбейе ме: ЖИ еңбек нарығын қалай өзгертеді? 

Жасанды интеллект бірнеше минутта мәтін жазып, есеп дайындап, көлемді...

Астана халқының саны 2 миллионға жуықтады 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан халқы 133 707 адамға өсті. 1 қазанда ел тұрғындарының жалпы саны 20 633 529 адам болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс озаттарына мемлекеттік наградалар табыстады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.