Медиация – тараптардың ерікті келісім бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімшге қол жеткізу мақсатында медиаторлардың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі. Медиацияны, қарапайым тілмен айтқанда, бітімгершілікдеп түсінуге болады. Яғни, қандай да бір мәселебойынша тараптар арасында келіспеушілік туған жеке азаматтар немесе занды тұлғалар оны соттан тыс, өзара келісім жағдайында шеше алады. Екі арадағы келісім медиаторлар арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 17-т. Татуластыру рәсімдері қарастырылған. Соттардың тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданатындығы, дауды процестік барлық сатыларында реттеуді оларға жәрдемдесетіндігі туралы айтылған.
Тараптар татуласу келісімін, дауды /жанжалды/ медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу келісімді жасап, ҚР-ның Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдірді пайдаоана отырып, дауды өзараталаптардың толық қөлемінде не бір бөлігінде реттей алады. Тараптар сот актісіншығарғанға дейін бірінші,апелляциялық,кассациялық сатылардағы соттарда дауды /жанжалды/ медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынуға тиіс. Медиатор медиацияны жүргізі туралы өтініш хатты берген және тараптардың медиатормен жасасқан шарты бірінші немесе апелляциялық сатыдағы судья медиацияны өткізу туралы өтініш хатты берген кезден сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туруға құқылы.
Медиацияның жүргізу қағидаттары:
- Еріктілік
- Құпиялық
- Өзара сыйласушылық
- Тараптардың тен құқылығы
- Медиатордың бейтараптығы мен әділігі
- Рәсімнің ашықтығы
Сот шешімді заңға сәйкес қабылдайды, ал медиатор тараптардың мүдделерін ескере отырып, бірақ заң аясында қабылдайды. Медиацияның мақсаты – дауды бітімгершілікпен шешуді екі тарапты та қанағатандыратын нұсқасына қол жеткізу.
Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының судьясы Б.Б.Мухатжанова