ШҚО ББ «Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі» КММ-де колледждің 45 жылдық мерейтойына арналған «Автомобильдерді жөндеу бойынша үздік слесарь» және «Үздік электр газбен дәнекерлеуші» атағына өңіраралық кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді. Аталған іс-шараға ҚР ІІМ ҚАЖК №17 және №16 мекемелері РММде орналасқан «Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі», Абай облысы, Семей қаласының ҚР ІІМ ҚАЖК №19 және №20 мекемелері РММ-нің аймағындағы «Индустриалды-технологиялық колледжі», ҚР ІІМ ҚАЖК №18 мекеме РММде орналасқан «№1 Шемонаиха колледжі» және ҚР ІІМ ҚАЖК №20 РММде орналасқан «№1 Өскемен колледжі» студенттері қатысты.
Байқау теориялық және практикалық тапсырманы орындау түрінде өткізілді. Тест тапсырмалары 60 сұрақтан тұрды және жазбаша түрде орындалды. Практикалық тапсырмалар мекеменің оқу-өндірістік цехтарында орындалды.
Қатысушылардың жұмыс орындары еңбекті қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес жарақтандырылды. Әрбір қатысушы техникалық құжаттамамен, қажетті жабдықтардың толық жиынтығымен, құралдармен және материалдармен қамтамасыз етілді.
Конкурсқа қатысушыларды бағалау мекеме кәсіпорындарының инженерлік-техникалық қызметкерлері мен оқу орындарының өкілдері кіретін конкурстық комиссия мүшелері жүргізді. Теориялық және практикалық турлардың қорытындысы бойынша қатысушылар келесі орындарға ие болды: «ҚАЖ колледждерінің үздік автокөлік жөндеу слесары» атағы бойынша:
1орынды сотталған Р., жетекшісі: Бакпаев С.А. ҚР ІІМ ҚАЖК №16
2орын. Кенжебеков Айбек С., жетекшісі: Әбілов Е. Абай облысы, Семей қаласының ҚР ІІМ ҚАЖК №20
3орын. В. жетекшісі: Жангазин Е. Абай облысы, Семей қаласының ҚР ІІМ ҚАЖК №20 РММ
«ҚАЖ колледждерінің үздік электргазбен дәнекерлеушісі» атағы бойынша:
1орындар. М. жетекшісі: Кенесбеков М.К. ҚР ІІМ ҚАЖК №17
М., жетекшісі: Мейірбекұлы Қ. Абай облысы, Семей қаласының ҚР ІІМ ҚАЖК №20
2орындар. А., жетекшісі: Кулыбеков А.С. Абай облысы, Семей қаласының ҚР ІІМ ҚАЖК №20
Т., жетекшісі: Майданбеков Ә.М. ҚР ІІМ ҚАЖК №16
3орындар. К., жетекшісі: Бегешов Б.С. ҚР ІІМ ҚАЖК №20 РММде орналасқан «№1 Өскемен колледжі»
Т., жетекшісі: Айтамбаева Р.К., В., ҚР ІІМ ҚАЖК №18 де орналасқан «№1 Шемонаиха колледжі»
Бұл іс-шара кәсіби шеберлік конкурсына қатысқан студенттер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Ал колледждің инженерлік – педагогикалық қызметкерлеріне алғаш рет өңіраралық деңгейдегі іс-шараға қатысушыларды дайындау мүмкіндігі берілді.
ҚР ІІМ ҚАЖК №17 РММде орналасқан
«Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі»КММ
оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Бахтияров Әсет Бакытханұлы


