Халықаралық Түркі мәдениет ұйымы 10 тамызды ресми түрде Абай Құнанбаев күні деп жариялап, мерекелер тізіміне еңгізді. ҚР ІІМ ҚАЖК-нің №64 мекемесі де шетте қалмады, төртінші жыл қатарымен қазақ ақыны, философы және ойшылы — ұлы Абайдың шығармашылығына арналған іс-шаралар өткізуде.
Шаруашылық қызмет көрсету отрядының сотталғандары үшін ұлы ойшылдың өмірі мен қызметі туралы дәріс өткізілді, Абай Құнанбаев мұражайы туралы бейнеролик көрсетілді, одан кейін тыңдаушыларға біздің ұлы отандасымыз туралы білетінін айтуы ұсынылды. Шаруашылық қызмет көрсету отрядының сотталғандары Абайдың өлеңдерін, қазіргі әлемде өзекті болып табылатын «қара сөздерінен» үзінділерді оқыды, сондай-ақ Абайдың «Көзімнін қарасы», «Желсіз түнде жарық-ай», «Айттым сәлем, Қаламқас» сияқты өлеңдеріне жазылған әндерді орындады. Ұлы қазақ ақынының шығармашылығы гуманизм мен адамгершілік идеяларына толы, оның шығармаларын оқитындардың барлығында патриотизм сезімі оятады.
— Тәрбие іс-шараларын өткізу біздің күнделікті іс-әрекетіміздің бір аспектісі болып табылады. Жүргізіліп жатқан жұмыстың тек ойын-сауық сипатында ғана емес, сонымен қатар біздің қамқорлығымызды дамытуға бағытталғандығы ерекше қуантады. Сотталғандар «қара сөздерді», оларда сипатталған халық шығармашылығының дәстүрлері және қоғам проблемаларын түсінуді үлкен қуанышпен зерттейді – іс-шараның соңында арнайы контингент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы әділет майоры Ж. Айтмұқашұлы түсініктеме береді.


