№79 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған азаматшалар арасында «Мисс Пампушка» байқауы өтті

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті №79 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған азаматшалар арасында «Мисс Пампушка» байқауы өтті.
Түзету мекемесінде жазасын өтеуші әйелдер арасында ерекше көңіл-күй сыйлаған «Мисс Пампушка» атты сұлулық және өнер байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – азаматшалардың шығармашылық қабілетін дамыту, өзін-өзі бағалауын арттыру және оңалту процесіне рухани серпін беру.


Байқауға қатысушылар әртүрлі кезеңдер бойынша бақ сынады: сәнді киім үлгілерін көрсету, аспаздық шеберлік, өнер (ән, би, көркемсөз), сондай-ақ тапқырлық пен әзіл-қалжыңға негізделген сұрақ-жауап турлары. Қатысушылар өз өнерлерімен көрермендер мен қазылар алқасын тәнті етті. Шара соңында жеңімпаз бен номинация иегерлері мақтау қағаздарымен марапатталды. Мекеме әкімшілігі мұндай байқаулардың жазасын өтеуші азаматшаларға рухани қолдау көрсетіп, қоғамға бейімделуіне оң әсер беретінін атап өтті.
Бұл кеш сотталғандар үшін жарқын әсерге толы, ұмытылмас мереке болды.

Правовая поддержка и ресоциализация осужденных женщин

В Женской колонии УИС по области Абай в рамках...

ДУХ КОЧЕВНИКОВ — В СПОРТЕ

В учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай в...

Өмір – басты құндылық

2026 жылғы 10 қыркүйекте №21 мекемесінде Дүниежүзілік суицидтің алдын...

Орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың туыстарымен бейне кездесулер ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың жақын...