12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

№11 мекемесінде кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында шахматтан турнир өтті

Алматы қаласы  ҚАЖ Департаменті №11 мекемесінде кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында шахматтан турнир өтті.   Алматы қаласы спорт басқармасының «№8 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің» жетекшісі Рогозова Светлана Леонидовна және төрешіге аға тренер Караев Асылхан спорт бөлімінің орынбасары Абдугапаров Ержан қатысып шахматтан шеберлік сабақ өткізді. Шахмат  – ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымды да, қызықты  спорт ойыны. Бұл ойынға жазасын өтеуші жасөспірімдер қатысты.

Спорттық іс-шара спорттық ойын 5-турдан өтті. Аға тренер Караев Асылхан шеберлік сабақта барлық шахматтың жүрсін үйретті. Жазасын өтеушілер өзара шахмат ойнап шеберлік сабағынан біраз дәріс алды. Іс шара соңында «№8 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің» жетекшісі Рогозова Светлана Леонидовна өздерімен алып келген шахамтарын жазалы жасөпірімдерге сыйға тарту етті.

САӘПТЖБ бастығы әділет подполковнигі  Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна қонақтарға мекеме басытығы атынан алғыс айтты.

Мұндай спорттық іс-шараның мақсаты: Шахмат ойынының шығуы туралы, шахматты ойлап табу жөніндегі қызықты аңызды айту арқылы шахмат ойнауға деген қызығушылықтарын арттыру. Ойлау қабілеттерін дамыту, жасөспірмдердің денсаулықтарын нығайту, оларға спорттың денсаулыққа пайдалы екенін түсіндіру,салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып табылады.

                                                                       №11 мекеме  Еркегүл Жеңісхан

№20 мекемесінде «Жол қауіпсіздігі күні – Ақ жол» акциясы өтті

Қазақстан полициясы күніне орай Ішкі істер министрлігінің іс-шаралар жоспарын...

В учреждении №20 провели акцию «Жол қауіпсіздігі күні – Ақ жол»

Во исполнение плана Министерства внутренних дел Республики Казахстан по...

Закон и порядок

Сегодня среди осужденных граждан, состоящих на учете в службе...