Өрт қаупі күшейді: ТЖМ тұрғындарға үндеу жасады 

Жылы күндердің басталуына және өрт қауіпті маусымның келуіне байланысты табиғи өрттердің туындау қаупі артып отыр. Осыған орай Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандардың айтуынша, сенбіліктер өткізу, аула мен саяжай аумақтарын тазалау кезінде аса мұқият болу қажет. Құрғақ, ыстық әрі желді ауа райында қоқыс пен шөп жағуға қатаң тыйым салынады. Ал ауа райы қолайлы жағдайда от жағуға тек арнайы бөлінген орындарда, ғимараттардан кемінде 50 метр қашықтықта және тұрақты бақылаумен ғана рұқсат етіледі.

Сондай-ақ мангал, барбекю немесе грильді үйлер мен құрылыстардан кемінде 10 метр қашықтықта пайдалану керек. Қасында міндетті түрде өрт сөндіргіш немесе кемінде 10 литр су болуы тиіс.

ТЖМ тұрғындарға:

  • сөндірілмеген темекі тұқылын тастамауды,
  • құрғақ шөпті өртемеуді,
  • аумақты жанғыш қоқыстан тазалап отыруды,
  • балалардың отпен ойнауына жол бермеуді ескертеді.

Өрт белгілері байқалған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажет.

Сонымен қатар ведомство су айдындарындағы қауіпсіздікке де ерекше назар аударуды сұрайды. Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмау, әсіресе жазғы демалыс кезінде аса маңызды.

Құтқарушылар әр азаматты жауапкершілік танытып, өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ел азаматтарын Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Ұлттық банк қарыз беру жүйесіне жаңа макроэкономикалық құрал – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.