ҰБТ-2026: Талапкерлер ең көп таңдаған пәндер қандай? 

Биылғы ҰБТ-да талапкерлер ең көп таңдаған бейіндік пәндер белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациясын атады.

Оның айтуынша, биыл да «Математика-Физика» комбинациясы көш бастады. Оны талапкерлердің 18,2 пайызы таңдаған.

Екінші орында 14,4 пайыз көрсеткішпен «Биология-Химия» комбинациясы тұр. Ал шығармашылық мамандықтарға түсетін талапкерлерге арналған комбинация 12,4 пайызбен үшінші орынға шықты, – деді Гүлжан Жарасова.

Ол инженерлік бағыттарға қызығушылықтың артуы кадр даярлау саласындағы мемлекеттік саясатпен байланысты екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, соңғы жылдары мемлекеттік білім беру гранттарының басым бөлігі инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлініп келеді. Сонымен қатар бұл бағыт білім беру бағдарламаларының кең таңдауын ұсынады және талапкерлердің білім грантын иелену мүмкіндігін едәуір арттырады, – деді ведомство өкілі.

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

ҚР Туризм және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, Азия ойындарында алтын медаль иеленген спортшыға 10 мың доллар, күміс жүлдегерге 5 мың доллар, ал қола медаль иегеріне 3 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған

Елдегі медицина қызметкерлері санитарлық бетперде тағуға міндеттелді

Алайда бұл талап тек денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлеріне қатысты. Мұндай режим ауруға шалдығу қаупінің жоғары болуына байланысты енгізілген.

Азиада-2026 аяқталды: Қазақстан қандай нәтиже көрсетті? 

Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындары аяқталды. Қазақстан спортшылары 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль жеңіп алды.

Елімізде 2,2 млн бала тегін үйірмелер мен секцияларға қатысады 

Қазақстанда балалардың денсаулығы мен сапалы білім алуына жағдай жасау бағытында мектептегі тегін тамақтану, қосымша білім беру және білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.