Қазақстанның жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімдері жарияланды

Қазақстан жоғары оқу орындарына қабылдау науқаны мамырда басталып, тамызда аяқталады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Білім министрлігі 2025/2026 оқу жылына Қазақстанның жоғары оқу орындарына қабылдау күнтізбесін жариялады. Негізгі ҰБТ 16 мамырда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады.

ЖОО-ларға құжат қабылдау 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүргізіледі.

20 маусым мен 20 тамыз аралығында «Педагогикалық ғылымдар» мен «Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларына түсетін талапкерлер үшін арнайы емтихандар өтеді (конкурсқа қатысу үшін — 20 шілдеге дейін).

Шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініштер 20 маусымнан 10 тамызға дейін қабылданады (конкурсқа — 7 шілдеге дейін).

Шығармашылық емтихандар 7 шілде мен 15 тамыз аралығында өтеді (конкурсқа — 20 шілдеге дейін).

Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштерді 13–20 шілде аралығында беруге болады.

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін белгілі болады.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...

Ерлан Қарин референдумда дауыс берді: «Бүгін маңызды күн»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жаңа Конституция бойынша...

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.