Қазақстанда көлік қымбаттап кетті

2025 жылғы маусымда Қазақстанда жеңіл көліктің бағасы былтырмен салыстырғанда 11,6 пайызға өсті. Бұл — ЕАЭО елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш, бұл елдерде орташа өсім небәрі 2,2 пайыз болады. Мұндай ақпаратты Data Hub жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Армения мен Беларусь сияқты ЕАЭО-ның басқа елдерінде бір жыл ішінде көлік арзандаған, ал Қырғызстан мен Ресейде баға 0,2 және 1,4 пайызға ғана өсті.

2025 жылғы бірінші жартыжылдықта көлік бағасы тек Қазақстан мен Ресейде өскен: Қазақстанда 9,3 пайызға, Ресейде 2,8 пайызға.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, Қазақстанда көлік қымбаттап кетуіне жаңа көліктер әсер етіп отыр, олар маусымның қорытындысы бойынша жылдық есепте 21,3 пайызға қымбаттаған. Елде ескі көліктер арзандапты.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген көліктердің саны 6,3 миллионға жетіп отыр.

Әлемде мұнай бағасы төмендеді

АҚШ пен Иранның бейбіт келісімге жақындағаны туралы хабарлар аясында...

Қазақстанға келетін шетелдіктерге жаңа мүмкіндік беріледі: Не өзгереді? 

Визасыз режим, электронды виза және цифрлық көші-қон жүйесі: Қазақстан...

Алда Қазақстан азаматтарын қысқа жұмыс аптасы күтеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) күнтізбесіне сәйкес 2026 жылы...

Новая архитектура нотариата 

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДЛАГАЮТ УСИЛИТЬ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ НОТАРИУСОВ, ВВЕСТИ ОБЯЗАТЕЛЬНОЕ SMS-УВЕДОМЛЕНИЕ ДОЛЖНИКОВ И ОГРАНИЧИТЬ ПРАКТИКУ ВЫНЕСЕНИЯ ИСПОЛНИТЕЛЬНЫХ НАДПИСЕЙ ВНЕ РЕГИОНА ПРОЖИВАНИЯ ГРАЖДАН.

Алматыда Құрбан айтта 12 жерде ғана құрбан шалуға болады

Биыл 27, 28 мен 29 мамырға сәйкес келетін Құрбан айт күндері Алматыда мал сататын, құрбан шалатын 12 арнаулы алаң белгіленді.