12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тергеу изоляторында тыйым салынған заттарды алып өтуге жол жоқ

Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты Қызылорда қаласындағы №68 мемлекеттік мекемесінде тыйым салынған заттардың өтіп кетпеуін жіті бақылайтын режим бөлім қызметкерлері.

Театрдың киім ілгіштен басталатыны сияқты Режим бөлімі тәртіпті №1 БӨП(бақылап өткізу пунктінен бастап қатаң қадағалап отырады. Бүгінгі таңда бекеттің күндізгі аусымында 3 қызметкер жұмыс жасайды.Үшеуінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар.

Бақылаушы, әділет аға сержанты Шегебай Гүлжан, адамдардың кіріп-шығуын қадағалап,заңды өкілдер мен басқа да құқық қорғау органдарынан келген азаматтарға кезекке тұру талондарын беріп,арнайы журналдарға тіркеп отырады.

Мекеме қызметкерлері мен қамаудағыларға келетін әйел азаматтарды арнайы тексеру бөлмесінде, темір іздегіш құралмен тексереді.

Ал, әділет сержанты Құттымбет Рүстем бекеттегі қол жүгін тексеру құрылғысында тұрса, қатардағы Алтынбек Рамазан ер азаматтарға тінту тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Бұл жүкті сканерлеуге арналған тексеру қондырғысының мекеме аумағына алып өтуге тыйым салынған заттардың алдын алуға игі ықпалы зор. Осы орайда, мекеменің режим бөлімі бастығының орынбасары әділет капитаны Ерлан Романкулов: Жақында рентген аппараты арқылы сырттан келген азаматшаның сөмкесін тексеру барысында, күдікті зат бар екені байқалды.

Әкелінген сәлем- сауқаттар арасындағы кір сабынды бөліп қарау барысында 1-дана «Nokia mini» маркалы телефоны мен 3 дана сим картасы табылды.

Сондай-ақ,бұдан бөлек, сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесіндегі өз міндетіне жауапкершілікпен қарайтын бақылаушы қызметкерлеріміздің тыңғылықты жұмыс нәтиежесінде, ұялы телефон, коньяк және кептірілген марихуаннаны әртүрлі тағамдар мен заттардың ортасына салып әкелген фактілерде бар.

ҚР ӘҚБ туралы 2014ж 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ 481-бабы бойынша мекемеде ұсталынып отырған азаматтардың сақтауына және пайдалануына тыйым салынған заттарды( алькогольдік ішімдіктерді, дәрілік және есенгірететін әсері бар заттарды, ақшаны және басқа да заттарды) жете тексеруден жасырып беруге әрекеттенген жағдайда алғашқы рет болса, он айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде айыппұл салынады.

Ал егер, екіншірет қайталанса жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Немесе, отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынады.

Ознакомительный обход для предпринимателей

13 марта 2025 года в целях  увеличения трудозанятости...

Кәсіпкерлерге таныстыру іс-шаралары

2025 жылғы 13 наурызда «Еңбек-Аршалы» РМК филиалының өндірістік аумағында...

Шіркеу қызметкері сотталғандарды қабылдады

Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде жазасын өтеп жатқан...

Родителям сотрудницы учреждения №1 Акмолинского ДУИС вручили благодарственное письмо министра внутренних дел РК

С наступлением весны, поздравили прекрасную половину коллектива, сотрудники учреждения...

Ярмарка по представдению изделий сделанных руками осужденных предпринимателям

В соответствии с планом группы по организации труда осужденных...