12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Елімізде -35°С аяз болады

Қазақстанға қатаң аяз келуде: синоптиктер 9-11 желтоқсан аралығында елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде температура -35°С-қа дейін төмендейтінін ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Солтүстік антициклон Қазақстанға қатты аяз алып келеді.

Метеорологтардың айтуынша, жылы өткен күзден кейін қазақстандықтар қыстың алғашқы ызғарын сезінеді. 9 желтоқсаннан бастап солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге солтүстік антициклон жылдам таралады.

Суық ауа массаларымен толыққан бұл антициклон алдымен еліміздің солтүстік бөлігінде, кейін бүкіл аумағында жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының күрт төмендеуіне себеп болады, — деп мәлімдеді синоптиктер.

Түнгі уақытта термометр көрсеткіші солтүстік өңірлерде -22…-30 градусқа дейін, шығыста -27…-35 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста аяз -10…-20 градусқа дейін күшейеді.

Бұған дейін Қазақстанда ауа райы нашарлап, бірнеше облыста көктайғақ күтілетіні туралы хабарлаған болатынбыз.

«Қазгидромет» 2025 жылдың желтоқсанынан 2026 жылдың ақпанына дейінгі қыс маусымына, сондай-ақ 2026 жылдың наурызына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Тұман, боран, көктайғақ: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, көптеген аймақтарда тұман, қар, көктайғақ пен боран...

Шымкентте мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының мерзімді әскери қызметшісі...

Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады, -...

ҚҚС төлеушілер нені білуі керек: Негізгі талаптар мен мерзімдер

ҚҚС бойынша жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінен арнаулы...

Аймағамбетов 2026 жылы азаматтардың өмірін жеңілдететін өзгерістер болатынын айтты

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов 2026 жылға арналған жоспарлары туралы...