12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанның батысы мен орталығында жел және күн электр станциясы салынады

Еліміздің батыс және орталық өңірлерінде неміс технологиясы негізінде күн және жел электр станциясы жобасы қолға алынбақ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Неміс капиталының қатысуымен 600-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Біздің елімізге неміс компанияларының қызығушылығы арта түсуде. Соңғы 15 жылда Германиядан Қазақстанға келіп түскен тікелей инвестициялар 5,3 млрд доллар құрады. Оның басым бөлігі (шамамен 80%) шикізаттық емес секторға, ауыл шаруашылығы, құрылыс, денсаулық сақтауға, көлік логистикасына бағытталды», — деді Роман Василенко министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде Саран қаласында немістің «Goldbeck Solar» атты фирманың қатысуымен Орталық Азиядағы ірі, қуаты 100 мегаваттық күн электр жобасы іске қосылды.

«Жақын арада «SVEVIND» Дрезден компаниясы батыс және орталық Қазақстанның даласында жалпы қуаты 45 гигаватт жел және күн электр станцияларын салу бойынша ірі жобаға кіріседі. Қазақстан — неміс кәсіпкерлері мен инвесторлары үшін жаңа мүмкіндіктер мекені, әлеуеті жоғары. Екіжақты инвестициялық ахуалды жетілдіре түсу арқылы ортақ жетістікте қол жеткізетінімізге сенімдімін», — деді ол.

Қарағанды тергеу изоляторындағы Хасеновтің өміріне қауіп төнді

Тергеу изоляторына түскен Заңғар Хасенов 2025 жылдың 25 желтоқсанында...

Түзету

Қыркүйек айының 15-де сайтта "Образование как прикрытие: казахстанская...

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...