spot_img
spot_img

Құқықтық тәртіп

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Алатау аудандық пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында 2023 жылы наурыз айының 15-19 күндері аралығында аудан көлемінде «Пробациялық бақылау» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында пробация қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторларымен бірге есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексерді. Олардың әрқайсысымен профилактикалық бағытта әңгіме-сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар, жазасын өтеу кезінде жаза өтеу шарттары мен тәртібін бұзбауға, қайта қылмыс жасамауға, сотпен жүктелген міндеттерді орындауға, белгіленген бақылау тәртібін бұзбауға, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға қол сұғатын және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жасамауға шақырды. Инспекторлар пробация қызметіне ескертпей, тұрғылықты мекен-жайы аумағынан алыс жерлерге кетуге болмайтынын айтып, бақылаудан жалтарғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны және қойылған талаптарды орындамаған жағдайда сот тағайындаған жазаны ауыстыру үшін сотқа ұсыныс жіберілетіні туралы түсіндірілді.

Тексеру барысында түнгі мезгілде тұрғылықты мекен-жайында болмаған «Б» есімді тұлға анықталды. Тәртіп бұзушы бөлімшеге шақыртылып, жазбаша түсініктемесі алынды. Оған сот тағайындаған жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа ұсыныс жіберілетіні туралы ескерту жарияланды. Жазасын өтеу кезінде бірнеше рет жаза өтеу шарттары мен тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін «М» есімді тұлғаға қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы аудандық сотқа ұсыныс жолданды. Егер де ұсыныс сотпен қанағаттандырылса, жаза өтеу мерзімінің қалған бөлігін ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады.

Алматы қаласы бойынша

ҚАЖД Алатау аудандык ПҚ инспекторы

әділет лейтенанты Қабылбек Ұлан Айдарбекұлы

ҚАЖК басшысының орынбасары Алматы облысының колонияларына барды

ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары Сағат Мәдиев жұмыс сапарымен Алматы...

Заместитель главы КУИС посетил колонии Алматинской области

Первый заместитель председателя КУИС Сагат Мадиев с рабочим визитом...

Елордалық колонияда өрт сөндіру тақырыбы бойынша оқу-жаттығу өтті

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №3 мекемесінің қызметкерлерімен...

Сенбілік шарасы өтті

Наурыз айының 25-ші жұлдызында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

ВСЕ МЕРЫ ПРЕДОСТОРОЖНОСТИ

Ежедневно мошенники рассылают вредоносных троянцев, специализирующихся на краже учетных...