12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алғыс айту — асыл  қасиет

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан  халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызда елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, №173 Жарлыққа  қол  қойған болатын. Алғыс айту  күні – ол, ең алдымен  елімізде  тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің  орнығуы негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні  болғаны  бәрімізге айқын.

Сонымен қатар айта кететім болсам — қазақ халқы қиын қыстау  заманда олардың  басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге  көтере білді, бұл  бүгінгі таңда елеміздегі түрлі  ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі шексіз өлшеміне айналғаны бәрімізге  мәлім. Алғыс айту күні біздің ортақ тарихымызды құрметтеудің белгісі күні. Бұл әралуан ұлт өкілдерінің өз Отанына айналған киелі қазақ жері мен кеңпейілді қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Алғыс айту  күні — Қазақстан халқын мәңгілікке  біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпы  ұлттық патриоттық идеиясының, Қазақстандық берегейліктің негізгі арқауы- елеміздегі бардық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астында топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні болып табылады. Мерекелеудің басты мақсаты Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдық келісімін одан әрі нығайтуға ықпал етуі тиіс. Айта кететім  болсам алғыс айту күнін жылдың ең сыпайы күні деп айтуға болады. Қазақ  халқы — тумысынан кез келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған халық. Алғыс айту сөзімен адамдар бір-біріне қуаныш  сыйлай алады. Мүмкіндік болып жатса жақсы сөз айтудан жалтарып қалмаңыздар.

Марат Омарбеков                                              Тараз қаласының

мамандандырылған тергеу

сотының аға сот приставы

Сотталғандар арасында ойын терапиясы өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Межуниверситетская олимпиада по французскому языку

Друзья прекрасен наш союз!           Олимпиада?  Да, во Франции,  Франция выиграла...

«Твори добро»: у жителей областного центра Алматинской области появилась аллея волонтеров

В городе Конаев на набережной Капчагая состоялось торжественное открытие...

Более 90 тысяч саженцев посадят  в городах и районах Карагандинской области

90 тысяч саженцев сосны   сегодня  сотни лесников высадят в...

Қарағанды облысының қалалар  және аудандарында 90 мыңнан аса көшет отырғызылады.

Бүгінгі таңда жүзден аса орманшы Кирзавод ауданындағы өртенген орманға...