12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жалпы және орта арнаулы оқу орындарының оқушы, студенттері арасында нашақорлыққа қарсы үндеу жасау байқауы ұйымдастырылды

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі Қызылорда облыстық ведомствоаралық штабының, Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ іс-шаралар жоспарларының талаптарын орындау мақсатында «Жоқ! — деп айтуды үйрен» тақырыбында жалпы және орта арнаулы оқу орындарының оқушы, студенттері арасында нашақорлыққа қарсы үндеу жасау байқауы ұйымдастырылды.

Сайыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткі мәселесін түсіндіру денгейін кеңітіп, сайыскерлердің жеке ойын білдіру мүмкіндігін айқындау болып табылды.
Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңді Қызылорда қаласының және аудан орталықтарының білім бөлімдері ұйымдастырды, оның қорытындысы бойынша Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына сайыстың екінші кезеңіне қатысу үшін 46 үздік жұмыс жолданды.
Байқауға қатысушылар видео үндеу әзірлеп, оны БАҚ пен ақпараттық порталдарда жариялады. Өз жұмыстарында нашақорлық мәселесі, оның төңірегінде туындайтын қиындықтар жайлы айтып, нашақорлықтан аулақ болу керектігі жайлы пікірлерімен бөлісті. Балалар өз ойларын ұсынуға шығармашылықпен қарады, әртүрлі ақпаратты қолданды, нашақорлық проблемасын жариялауда шеберлік танытты.

Сайыстық комиссияның шешіміне сәйкес 20 қатысушы ынталық танытқаны үшін, 10-ы жеңіске деген жігерлігі үшін, ал 10-ы жеңімпаз деп танылды.

Байқаудың жүлдегерлері: Қармақшы ауданының №272 орта мектебінің оқушысы Серікұлы Нұрдәулет, Арал ауданының №220 орта мектебінің оқушысы Сақтағанова Дильназ, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенті Өмірзақ Дидар — 1 орын, Қармақшы ауданы №269 орта мектебінің оқушысы Нажмадинова Дина, Қазалы ауданы №№234, 246 мектеп оқушылары Бекше Арнур, Сағынтай Ару-2 орын, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттері Ғалымжанқызы Наргиза, Манап Саида, Нұрхан Диана, Қармақшы ауданы №272 орта мектебінің оқушысы Қыпшақбай Севара – 3 место.
Жеңімпаздарға сыйлықтар мен дипломдар табыс етіледі.

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2024 жылғы 18 сәуір күні кезекті Әдеп жөніндегі кеңес...

Молодежь Алматы помогают в благоустройстве дворов детских домов

В рамках кампании «Алматы – наш общий дом», продолжается...

Алматы жастары балалар үйінің ауласын тазалауда

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында бастау алған...

Алматы жастары «Jas niet» акциясын өткізді

Алмалы ауданының комьюнити орталығының жастары «Алматы – біздің ортақ...

ХІ Республикалық «Үздік лингвист» олимпиадасы-жас ғалымдар алаңы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойының қарсаңында...