12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жер комиссиясының хаттамалық шешімін даулау мәселелері

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабымен және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген қағидалармен реттеледі.

         Конкурстың қорытындысы жер комиссиясының хаттамалық шешімімен ресімделеді.

      Жер комиссиясының хаттамалық шешіміне жер комиссиясының төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ жер комиссиясының хатшысы қорытынды шығарылған күні қол қояды.

      Жер комиссиясының хаттамалық шешімімен келіспеген жағдайда, жер комиссиясының мүшесі ерекше пікірін білдіруге құқылы, ол жазбаша түрде баяндалып, жер комиссиясының хаттамалық шешіміне қоса берілуге тиіс.

      Конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының мүшелері қол қойған хаттамалық шешім бір жұмыс күні ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органының интернет-ресурсында орналастырылады және үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, барлық өтінім берушілерге және орталық уәкілетті органға оның интернет-ресурсына орналастыру үшін жіберіледі.

      Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының хаттамалық шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін. Сотқа арыз беру жер комиссиясының хаттамалық шешімін орындауды тоқтата тұрады.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының хаттамалық шешімінде мынадай:

      1) өтінімді қабылдамай тастау себептері жайлы уәжді жауап беріле отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдері қабылданбай тасталған өтінім берушілер туралы;

      2) өтінім берушіні жеңімпаз деп айқындау үшін негіз болған дәлелдер көрсетіле отырып, конкурсқа қатысуға өтінімі мақұлданған өтінім беруші туралы ақпарат қамтылады.

      Конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының мүшелері қол қойған хаттамалық шешім бір жұмыс күні ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органының интернет-ресурсында орналастырылады және үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, барлық өтінім берушілерге және орталық уәкілетті органға оның интернет-ресурсына орналастыру үшін жіберіледі.

Өтініш беруші жер комиссиясының хаттамалық шешіміне оны алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен сотқа шағым жасай алады.

Мұндай даулар бойынша талап қоюшылар жеке немесе заңды тұлға болып табылады.

Жауапкер конкурсқа шығарылған жер учаскесі орналасқан ауданның әкімі болып табылады. «Соттардың жер заңнамасын қолдану туралы кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 6-тармағында жер учаскелерін беру және оларды алып қою жөніндегі шешімдер мен әрекеттер дауланған кезде іс бойынша тиісті аумақтық бірліктің әкімі тарап болып табылады деп нақты көрсетілген.

Талап қоюшылар жауапкерлер ретінде көбінесе аудан әкімдігі немесе аудан әкімінің аппараты көрсетеді.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 1 — бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) тиісті аумақтың әкімі басқарады, әкімнің аппараты жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда), әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. Сондықтан қала, аудан әкімдерінің аппараттары, әкімдік тиісті емес жауапкерлер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 29 – бабына сәйкес әкімшілік істі мәні бойынша қарау мен шешу басталғанға дейін жауапкерді ауыстыруға жол беріледі.

Егер талап қоюшы жауапкерді басқа тұлғамен ауыстыруға келіспесе, сот талап қоюшының келісуінсіз бұл тұлғаны екінші жауапкер ретінде тарта алады.

Атап өткендей, жер комиссиясының хаттамасын заңсыз деп тану туралы талап қою сотқа ол табыс етілген күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде (Жер Кодексінің 43-бабы), ал жер беру туралы қаулысын заңсыз деп тану туралы талап қою  әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен назарына жеткізілген кезден бастап бір ай ішінде беріледі (ӘРПК-нің 136 – бабы).

         Аталған мерзімді өткізіп алу талап қоюды қайтаруға негіз болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 126- бабының 2-бөлігіне сәйкес егер осы Кодексте белгіленген мерзімдерді өткізіп алу себептерін сот дәлелді деп таныса, сот оларды қалпына келтіруі мүмкін.

А.Ж.Абилгазина, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

«Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» стандартын енгізу мәселесі бойынша семинар өткізілді

Бүгін Қызылорда облысы әкімдігінде квазимемлекеттік секторда «ISО 37001:2016 Парақорлыққа...

Семейде колония қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандырды

Семей қаласында ҚАЖ қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандыру ...

В Семее сотрудники УИС активизировали работу по профориентации

В Семее сотрудники учреждения №19 ДУИС по области Абай...

Алматылық дәрігерлер жол апатына ұшыраған ер адамның аяғын сақтап қалды

№7 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері жол апатына ұшыраған 40...

За попрошайничество несовершеннолетнего понес наказание законный представитель          

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...