spot_img
spot_img

Полицейлер тұрғынның жоғалған 13 бас жылқысын тауып берді

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, Жемісті ауылына қарасты егістік алқапта жайылып жүрген 13 бас жылқылары белгісіз жағдайда жоқ болған. Жалпы тұрғынға келтірілген шығын көлемі 9 миллион теңгеге жуық. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеп, жылқыларды іздеуге кірісті.

Тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Одан ары мал егесімен бірге іздеуге шыққан полицейлер, 2 қызметтік көлікпен айналаны,тау-тасты, ой-қырды түгел шолып шықты. Осылайша 3 тәулік бойы үзіліссіз жүргізілген тыңғылықты іс-шаралардың нәтижесінде, жоғалған жылқылар 20-25 шақырым қашықтықтағы егістік алқаптан табылды.

Ірі қара малдарының аман-есен табылғанына риза болған тұрғын, полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын жеткізді.

Полицейлер жергілікті тұрғындарға төрт түлікті қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы қызмет көрсету тәртібі оңайлатылды

Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының...

ЖИТЬ СТАЛО ВЕСЕЛЕЕ

Статистика, как известно, наука, основанная на изучении фактов, целью...

Әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысы заң бұзушылықтың алдын алуға бағытталған

Әдеп жөніндегі кеңестер институты мемлекеттік басқару жүйесіне 2005 жылдан...

Исламдағы әйелдердің жұмыс белсенділігі

Ислам дінінде ғылым мен дін бір-бірімен егіз ұғымдар іспеттес....

Бір азаматтың ереже бұзғаны анықталды

Түркістан облысы көлемінде «Пробациялық бақылау» атты профилактикалық іс-шара өткізілуде....