12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Есірткі тұтынып көлік тізгіндеген тұрғын 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Мақтааралдық тәртіп сақшылары аудан аумағында құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қарқынды жұмыстар атқаруда.

Мәселен жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары Мырзакент кентіндегі көшелердің бірінде көлік құралының алдыңғы әйнегі жарық болған «AUDI 100» маркалы көлігін тоқтатты. Осы құқық бұзушылық бойынша жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігімен (техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару) хаттама толтырылды. Осы сәтте жүргізушінің есірткі затын қолданғанына күдіктенген полиция қызметкерлері, оны бірден медициналық куәландырудан өткізді. Нәтижесінде жүргізушінің есірткі қолданғаны нақтыланды.

Осы дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен әкімшілік іс құжаттар жинақталып, Мақтаарал аудандық сотына жолданды. Қазіргі таңда соттың қаулысымен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...