12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Полицейлер студенттерге есірткіге қарсы семинар өткізді

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ЖИТС орталығының өкілдерімен бірлесіп, Спорт және туризм университетінің студенттеріне нашақорлықтың алдын алу тақырыбында семинар ұйымдастырды. Жастармен кездесу аясында есірткінің, оның ішінде «синтетикалық есірткінің» зияндылығы туралы айтылып, психотроптық заттарды қолданудың кері әсері ұғындырылды.

Семинар барысында тәртіп сақшылары мен дәрігер-нарколог, әрбір тұрғын өзін есірткінің зиянды әсерінен және заңсыз әрекеттерден қалай қорғауға болатыны туралы кеңестер берді. Сондай-ақ студенттермен нашақорлықтың алдын алу тақырыбында тестілеу өткізді. Өз кезегінде полицейлер студенттерді дені сау және заңға бағынатын азамат болуға шақырды, ал қатысушылар ұйымдастырушыларға қызықты және мазмұнды түсіндірме жұмыстары үшін алғыс айтты. Іс-шара соңында тәртіп сақшылары нашақорлықтың алдын алуға, салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттауға белсенді қатысқан студенттерге естелік сыйлықтар табыс етті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...