12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Соғыстың аяғын көріп отырған жоқпыз — Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский ұлыбританиялық Chatham Housе халықаралық қатынастар институтымен видеобайланыс кезінде соғыс аяқталғанын білдіретін белгілерді, Ресейдің соғыс қимылдарын тоқтатуға дайын екенін көріп отырмағанын айтты, — деп хабарлайды «Голос Америки».

«Бүгін — ауқымды соғыстың 72-күні, әзірше соғыс аяқталғанын көре алмай отырмыз. Соғысты аяқтау үшін Ресей тарапынан ешқандай ниетті көріп те, сезіп те отырған жоқпыз», — деді ол.

Оның айтуынша, Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтатуы туралы келіссөздерге алғашқы қадам Ресей әскерінің 24 ақпанннан бастап басып алған Украина аумағынан кетуі болуы мүмкін.

«Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтатуға қатысты дипломатиялық форматты жүзеге асырып, дұрыстап сөйлесу үшін 24 ақпанға, шабуылға дейінгі жағдайды қалпына келтіру керек. Олар сол кезде қолданыста болған байланыс және демаркация шебіне шегініп, осы шептерден әскерді шығаруы керек. Сонда сөйлесуге болады. Олар да кету үшін бізбен сөйлесуі қажет. Олар көпірлердің барлығын қиратып жатқанымен, менің ойымша, бейнелеп айтқанда, көпірлердің бәрі қираған жоқ», — деді Украина президенті.

Зеленский Ресей шабуылын «Еуропа ХХ ғасырдың ең нашар сәттерінде көрген шапқыншылық» деп сипаттады.

Украина президенті Ресейді теңіз порттарын қоршауға алды деп айыптады, бұл азық-түлік экспортына кедергі келтіріп, Ресей әскерінің Мариупольде аштықты қару ретінде қолдануына әкеп соққан. Онда «адамдар шұңқырдан су ішіп жатыр». «Олар саналы түрде тамақ жіберуге рұқсат бермейді, соның ішінде Халықаралық ұйымдарға да рұқсат бермейді», — деді ол.

Зеленский Ресейді ғана емес, кез келген пайда болуы мүмкін басқыншыны тоқтататын жаңа құралдар туралы айтып, U24 (United-24) деп аталатын құралды ұсынды. Оның сөзінше, бұл құрал 24 сағат ішінде кез келген басқыншыны тоқтата алу үшін ұсынылған.

Бұл бастама басқыншылық құрбанына бір күн ішінде барынша көмек көрсетеді. Зеленскийдің айтуынша, жүйе табиғи апат немесе әлеуметтік оқиға кезінде де жұмыс істейді.

«Бұл адамдарды құтқаруға мүмкіндігінше тез көмектесу үшін жасалды», — деп түсіндірді Украина басшысы.

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...