12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бейжіңде кафе мен мейрамханалардың жұмысына уақытша тыйым салынды

Бейжіңдегі сауда департаментінің өкілі Дин Цзяньхуа 1-4 мамыр аралығында қалалық тамақтану орындарына тек тамақ жеткізуге рұқсат етілгенін, ал кафелер мен мейрамханалардың қызмет көрсетуіне тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Rg.ru мәліметінше, 5 мамырдан бастап Қытай астанасының тұрғындары мен қонақтарына «қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктердің барлық түрлерін» қолдану тек толық вакциналау курсын алғанын растаумен қатар 48 сағат ішінде жасалған COVID-19 ПТР-тест анықтамасын көрсеткен жағдайда мүмкін болады.

Сондай-ақ Бейжің билігі коронавирустың жеңіл белгілері бар науқастарға арналған 4 мың аурухана төсек-орнын даярлап, енді үлкен карантиндік алаңдарды құруды тездетіп жатқандарын айтты.

Қытай бір тәулік ішінде COVID-тің 10 700-ден астам жағдайы тіркелгенін хабарлады, олардың көпшілігі ҚХР экономикасының қозғаушы ошағы Шанхайда анықталды. Мамырдың бес күндік демалыс кезеңі, әдетте, Қытайдағы ең көп саяхаттайтын кезеңдердің бірі болып табылады, бірақ елде COVID-19-ға шалдығушылардың көбеюіне байланысты тұрғындардан өз үйінде қалу сұралады.

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...