12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҰҚШҰ Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Станислав Зась Тәжікстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Насрулло Махмудзода және Қырғызстан хатшысы Марат Иманқұловпен телефон арқылы сөйлесіп, тараптарды шекарада атысты дереу тоқтатуға шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Тәжікстанға сілтеме жасап.

«Шекарада жаңадан басталған қақтығыстар үлкен алаңдаушылық тудырады, салдарынан жараланғандар бар. Тәжік-қырғыз шекарасындағы қарулы қақтығыс дереу тоқтатылуы тиіс», — деді Зась.

Ол шекарада туындаған жанжал тек келіссөз үстелінде бейбіт жолмен шешілуі керегін баса айтты.

«ҰҚШҰ Қырғызстан мен Тәжікстанға жанжалды шешуде қажетті көмек көрсетуге дайын. ҰҚШҰ-ға мүше екі мемлекеттің басшылығы осы күрделі шекаралық мәселені реттеу үшін өзара қолайлы жолдар табатынына сенімдімін», — деді ҰҚШҰ бас хатшысы.

Бұл ретте Tengrinews.kz тілшісі мәліметінше, Қырғызстан мен Тәжікстан 28 қаңтарға қараған түні өткен келіссөздерден кейін атысты тоқтату туралы келісімге келген.

Келіссөздерге Қырғызстанның Баткен облысы мен Тәжікстанның Соғды облысының әкімдері, сондай-ақ екі елдің шекара ведомстволары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысқан.

В Каратобинском районе ЗКО от паводка спасают около 400 человек

27 марта село Коржын Каратобинского района Западно-Казахстанской области затопило...

Жастар ресурстық орталықтарының еріктілері су тасқыны жағдайын жоюға атсалысты

Мысалы, Арқалық жастары су басуға бейім үйлерді қардан тазарту...

ТАРАПТАРДЫҢ ТАТУЛАСУЫ

Дауды шешудің ең жақсы әдістерінің бірі медиация болып табылады...