12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Спутник V» үндістандық штамға қарсы тұра алады — ғалым

Ресейлік «Спутник V» вакцинасы коронавирустың үндістандық мутациясына қарсы тиімді. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, «Спутник V»-ның екі дозасынан кейін «антиген өзгерсе де, протективті иммуноглобулиндердің титрі жоғары» болады.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы антидене коронавирустың үндістандық мутациясына қарсы тұра алмайтынын мәлімдеген болатын.

«E484Q және L452R мутациялы вирустың бұл түрі Үндістанда 2020 жылдың 1 желтоқсанында анықталған сынамалардан табылды. Бұл мутацияларды зерттеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр», — деді ұйым өкілдері.

Еске салайық, Үндістанда кейінгі күндері науқастар мен қайтыс болғандар саны рекорд орнатып жатыр. Үндістан тұрғындарына тіпті үйде бетперде тағуға кеңес берілді, ал бірқатар ел ол жермен әуе қатынасын тоқтатты.

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...