12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қызылордада жазасын өтеушілерге облыстық филармония әншілері концерт қойды

Наурыз – қаншама ғасырлардан бері тойланып келе жатқан түркі халықтарының мерекесі. Наурыз – көктем мейрамы, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басталуы. Осы айтулы күнге орай, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 37 мекемесіндегі жазасын өтеушілерге облыстық филармония әншілері концерт қойды. Мерекелік шараны мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Абдулла Уайдаев ашып, Ұлыстың ұлы мерекесімен құттықтады. Әділет майоры Абдулла Уайдаев өз сөзінде
-Наурыз мерекесі қазақ халқы үшін – өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, шығыс халықтарын бір-бірімен табыстыратын қасиетті мейрам!

Тұрмыс-тіршілігіміздегі әдеп-ғұрпымыз, ұлттық құндылықтарымыз әспеттеліп, көңілімізге қуаныш ұялатып, санамызға сілкініс тудырып, рухты көтеретін көктем мерекесі құтты болсын деп жылы лебізін білдіріп, жаза басып жаңылып жазасын өтеп жатқан азаматтардың отбасыларына тезірек оралуларына тілек білдірді.

Мерекелік шара одан әрі облыстық филармония әншілерінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.Шарықтаған ән мен күйді тыңдап, қазақтың ұлттық тағамдары қойылған ақ дастарханнан дәм татқан сотталғандар, керемет шараны ұйымдастырған мекеме әкімшілігіне алғыстарын білдірді.

РАТТ МҮШЕСІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық Дін істері басқармармасының ұйымдастыруымен «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме...

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...

“Бақылаудан жалтыру”

Қайталанған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында...

В Алматинской области во время переброса в колонию задержан мужчина

Сотрудники УИС Алматинской области предотвратили факт переброса запрещенных предметов...