12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Наурыз мерекесінде сотталғандар арқан тартысып жарысты

Қылмыстық атқару жүйесі Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде АКАӘПТБ- нің қызметкерлері шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар арасында наурыз мерекесіне орай, спорттық іс-шара ұйымдастырды .

Бұл мерекелік іс- шараға Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің әдіскерлері арнайы шақыртылып, төрелік етті.

Жазасын өтеуші азаматтар, арқан тарту, қол күресі, турникке тартылу мен брусия бойынша жарысқа түсті.

Сотталғандармен ҚР llМ 13.08.2014 жылгы «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргiзу қағидасын бекіту туралы» № 508-бұйрығына сайкес тәрбие жұмысы жүргізіледі.

Бүгін наурыз мейрамына байланысты, мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтарына наурыз мерекесін әрі сотталғандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды қоғамға қайта бейімдеу мақсатында, спорттық жарыс ұйымдастырылды. Спорттық iс-шара өз денгейiнде өтті. Белсенді қатысқан сотталғандарға мекеме бастығының құқығымен мақтау қағазы берілді . Аталған іс-шара сотталғандарға оң әсер тигiзетінi анық – деді, тәрбие бөлімі бастығының міндетін атқарушы әділет аға лейтенанты Н.Ниязов.

Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Бала кезімнен спортты жаныма серік еткенмін. Бүгінгі жарысқа қызыға қатыстым. Әсіресе, ұлттық ойын түрі арқан тарту, ләңгі ойнауда балалық шағым есіме түсіп, біраз серігіп қалдым.

Оның үстіне көгілдір көктемдегі шуақты күн наурыз мерекесінің аурасын сезінгендей болдым. Бостандықта жүргенде , бұл күнді отбасымызбен бірге мерекелік дастархан басында қарсы алатынбыз. Әйелімнің наурыз көжесі тура анамдікіндей дәмді болатын. Ендігі наурызда сот бекіткен жаза мерзімім аяқталады. Бұйыртса келесі жылғы мерекені ағайын туманың ортасында қарсы аламын деген үмітім бар — деді, жарысқа қатысқан сотталғанның бірі.

РАТТ МҮШЕСІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық Дін істері басқармармасының ұйымдастыруымен «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме...

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...

“Бақылаудан жалтыру”

Қайталанған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында...

В Алматинской области во время переброса в колонию задержан мужчина

Сотрудники УИС Алматинской области предотвратили факт переброса запрещенных предметов...