12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Шымкент және Түркістан облысында 130 сотталған жазаға тартылды

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты пробация қызметі мен Полиция департаментінің ұйымдастырумен «Подучетник» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өтті. Осы он күннің ішінде 3293 мекеме тексерілді. Бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған 96 сотталғанның жаза өтеу шарттарын бұзғаны анықталып, ескерту берілді. Ал, 5 қашқын құрықталды. Сондай-ақ, 29 сотталғанның жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны анықталды. Оның ішінде 3 сотталған қоғамдық жұмыстарды қамаққа алынды. Ал, 3 сотталғанның жаза өтеу мерзімі ұзартылды.
Қазақ халқында қалыптасқан үлкен қағиданың бірі – қылмыс жасау тәрбиесіздің белгісі болып табылады. Ата-бабаларымыз үшін ұрлық жасау ұят нәрсе болатын. Сол себепті де, қазақ халқы «ұрлық түбі — қорлық» деп бекер айтпаса керек. Сондай-ақ, дана халқымыз өсіп келе жатқан жастарды жаман әдеттен жиреніп, жақсы істерге қарай ұмтылуға үйреткен.
Сонымен қатар, өсіп келе жатқан жастарды жаман әдеттен жиреніп, жақсы істерге қарай ұмтылуға үндеген. Десек те, қазіргі таңда елімізде түрлі қылмыстың деңгейі өршіп тұрғандығы жасырын емес. Ойнап жүріп от басқандар да, қасақана қылмыс жасағандар да, аяғын шалыс басқандар да түптің-түбінде жазасын алатыны белгілі. Дегенмен де, өзінің жасаған қателігіне өкінген адамдардың тағдыры аянышты екені анық. Аяғын шалыс басқан жандардың тағдыры әрине аянышты.
Өзінің қателігін қайта жасап, қатаң жазға тағайындалатын адамдар да кездесіп жатады. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты пробация қызметіне тіркеуге алынып, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған азаматтың қателігін өзгелер қайталамасын деген оймен оқырман назарына ұсынып отырмыз. Пробация қызметінің тіркеуіне алынған екі сотталған азамат өздеріне берілген мсерзімнің өтелмеген бөлігін темір тордың арғы жағында өтейтін болады.
Шым кент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты пробация қызметі есебінде тұрған Б есімді ер адамның ісі қаралды. Бөтеннің мүлкін тонау арқылы жымқырғаны үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 191-бабымен қылмыс жасап кінәлі деп танылып 4 жыл 5 ай 16 күн мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған болатын. Тонау бойынша істі болған азамат қалалық пробация есебіне тіркелгеніне де көп бола қойған жоқ. Сотталған азаматты есепке алу барысында пробация қызметкерлері оған сот қаулысы бойынша жүктелген міндеттерді, яғни ҚР қылмыстық кодексінің 44-бабының және ҚР қылмыстық-атқару кодексінің 67-68-баптарына сәйкес жаза өтеудің шарттары, тәртібі және жауапкершілігі жайында толық түсіндірілген болатын.
Сондай-ақ, жаза өтеу шартын қасақана немесе қаскөйлікпен бұзған жағдайда бас бостандығынан шектеу жазасы, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатынын түсіндіріп, өзінен қолхат алынды. Дегенмен, сотталған азамат өзіне берілген жеңілдікті дұрыс пайдаланбай және де жүргізілген тәрбиелік жұмыстардан ешқандай нәтиже болмаған. Сотты болған Б есімді азамат өзімен жүргізілген профилактикалық жұмыстардан дұрыс қорытынды шығармай, жаза өтеу барысында жазаның шарттарын бірнеше рет бұзып, сот тағайынданған үкімнің міндеттерін толық орындамай, пробация қызметі тарапынан бас бостандығынан айыру туралы жазбаша түрде ескерту берілгеніне қарамастан, жаза өтеу тәртібін қасақана бұзған. Соған қарамастан, қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішіп қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Біз әрбір адамға пробация қызметінің есебіне алынған күннен бастап сот қаулысымен жүктелген жазаның өтеу шарттарын, міндеттерін, тәртібін, жауапкершілігін және құқықтарын толық түсіндіреміз. Сонымен қатар, сот жүктеген міндеттерін және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған жағдайда, сот тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін, дәл сол мерзімге бас бсотандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылатыны жөнінде ескертіледі. Осыны біле тұра, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзып, сот қаулысымен бас бастондағын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, қамауға алынып, жазсын түзеу мекемесінде өтеуге жіберіліп жатқандар кездеседі. Олардың осындай қателігін өзге сотталғандар қайталамас үшін әртүрлі тәрбиелік жұмыстар жүргізілуде, — деп түсіндірді Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті пробация қызметі бөлімдеріне басшылық ету бөлімінің бас маманы Азамат Нұрланұлы. Алайда, сотталған өзіне жүргізілген тәрбиелік жұмыстардан ешқандай нәтиже шығармай, жаза өтеу тәртібін қасқөйлікпен қайталаған. Осыған байланысты, Пробация қызметінің ұсынымының негізінде қалалық сотына жолданған болатын. Сот пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырып, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 44-бабының және Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодексінің 67-68-баптарын басшылыққа ала отырып, жоғарыда орын алған деректерге қатысты сотталған Б есімді азаматың бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырып, бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, абақтыда өткізетін болды.

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Осужденные посетили концертный зал QazaQ Classic

Службы пробацией района Байконыр ДУИС г. Астаны при поддержке...

Сотталған азаматтар қауіпті аймақтан Қызылордаға эвакуацияланды

Мамандар "Қазгидромет" пен "Қазсушардың" мәліметтіне сүйеніп осындай қадамға барған....

Қызылорда қалалық пробация есебіндегі азамат қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне жіберілді

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен профилактикалық жұмыстар ұдайы...

Пробация есебіндегі азаматтарға жадынама таратылды

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есесбінде 600-ден астам азамат...