12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жемқорлықпен күрес шаралары жетілдірілуде

Елдің қауіпсіздігіне қатер төндіретін факторлардың бірі сыбайлас жемқорлық. Сондықтан, Президент «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай күресу, бұл – жел диір­менмен алысумен тең. Халық әлде­бір шенеуніктің немесе басшы­ның жауапкершілікке тар­тылғанын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын дәлелдейтін түбегейлі өзгерістердің орын алғанына куә болуы керек» деп, болашақ үшін қатерлі дерт саналатын жемқорлықпен күрес шараларын жан-жақты жетілдіруді тапсырған болатын.

Осы орайда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды. Соның негізінде  кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен жүзеге асыру тәртібі енгізілді.

Айта кетерлігі, еліміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттердің халықаралық беделді ұйымына (ГРЕКО) мүше.  2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы іске қосылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама институтының жұмысы күшейтілді. Қарамағындағылардың жемқорлығы үшін басшыларды қыз­метінен босату, сондай-ақ, сыбайластыққа азғырғандарға қылмыстық жауапкершілік нормалары бекітілді. Бұған қоса жемқорлықпен сотталғандар шартты түрде мерзімінен бұрын босау мүмкіндігінен айрылды. Пара бергендер мен делдалдарға да жаза қатайтылды.

Жемқорлықты болдырмауда атқарылып жатқан шаралар халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағалануда. Десек те, оның жолына біржола тосқауыл қою мүмкін болмай отыр.  Бұл үшін әрбір азаматтың белсенділігі керек. Мысалы, мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықтан туындайтын құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлап, жәрдемдескендерді қорғау және оларға бір реттік сыйақы төлеу мәселесі жолға қойылған. Сондықтан, тұрғындар осы заңдылықтың орындалуына барлық уақытта мүдделілік танытулары тиіс.

Жемқорлық фактісімен бетпе-бет келген азаматтар бұл туралы арызды ауызша, жазбаша, сондай-ақ, электрондық нысанда бере алады. Ол үшін  өтінішке өздері туралы мәліметтерді толық көрсетіп, қол қоюлары керек. Сыбайлас жемқорлық жайлы хабарлаған немесе оның жолын кесуге жәрдемдескен адамдарға әкімшілік істер бойынша – 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), онша ауыр емес қылмыстық істерде – 40 АЕК, ауырлығы орташа жағдайларда – 50 АЕК, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарда – 70 АЕК, аса ауыр түрін хабардар еткендерге – 100 АЕК сыйақы беріледі.

Озық технологиялардың барлық салаға, сондай-ақ, сот өндірісіне енгізілуі ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуде. Сот жүйесіне байланысты айтсақ, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруда «Сот кабинеті» мен «Төрелік», т.б. сервистер енгізілді. Сот процестерінің дыбыс-бейне жазбаларға жазылуы, ақпараттық киоскілер, т.б. жемқорлыққа жол бермеуде әсері мол.

Заң талаптарын мүлтіксіз орындау биліктің барлық деңгейінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың алғы шарты болып табылады. Сол себепті, жемқорлыққа қарсы күрес кешенді түрде жүргізілуі және бұл мәселеде әрбір азамат Конституция мен заң талаптарын қатаң сақтауға міндетті.

Бейнегуль Кайсина,

Наурызбай аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...