12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот шығыстарының өзекті мәселелері

Сот шығыстары – азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж бен шығындардан тұрады.

Мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері, сондай-ақ оны төлеуден босату негіздері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.

Мемлекеттік бажды бюджетке төлеу төлем құжаттарымен немесе кассалық құжаттармен, ал төлемдерді банкоматтар, электрондық терминалдар, қашықтықтан байланысу және «электрондық үкімет» төлем шлюзі арналары арқылы төлеген кезде қағаз жеткізгіштерде немесе электрондық түрде чектермен және түбіртектермен расталуға тиіс.

Мемлекеттік баж салығы бастапқы және қарсы талап қоюшыға, сондай-ақ кассациялық шағым берушіге жүктеледі.

Ал Қазақстан Республиксының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі АПК) 108-бабына сәйкес іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындарға: куәларға, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар; тиісті орында қарап-тексеруді жүргізуге байланысты шығыстар; заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығыстар; жауапкерді және (немесе) баланы іздестіру бойынша шығыстар; іс бойынша жарияланым мен хабарландыруларға байланысты шығыстар; тараптарға және іске қатысатын басқа да тұлғаларға хабарлау және оларды сотқа шақыру бойынша шығыстар; тараптар мен үшінші тұлғалардың жол жүру және тұрғын үй-жайларды жалдау бойынша, олардың сотқа келуіне байланысты жұмсаған шығыстары; өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстар; сот өтелуге жатады деп таныған, оның ішінде тараптардың кейіннен сотқа жүгінген кезде дауды міндетті түрде сотқа дейін реттеу рәсімдерінде жұмсаған басқа да шығыстары жатады.

Талап қоюшы немесе қарсы талап қоюшы азаматтық тәртіппен сотқа талаппен (қарсы талаппен) жүгінген кезде сот шығыстарын қарсы тараптан өндіруді сұрауы мүмкін. Бірақ сот шығыстары талаптың мәніне кірмейді.

Осы ретте ескере кететін жайт бар. Іс тәжірибеде көрсеткендей сот шығыстарын талап ретінде қарастырып, ол үшін артық мемлекеттік баж төлеп жататын кездер кездесіп жатады. Негізінде сот шығыстары үшін мемлекеттік баж төлеудің қажеттілігі жоқ.

АПК-нің 226-бабының 6-бөлігінің талабына сай шешiмнiң қарар бөлiгiнде сот шығыстарын бөлу туралы мәселе шешіледі.

Сот, өзінің пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша жұмсалған барлық сот шығыстарын басқа тараптан алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығыстар талап қоюшыға – талап қою талаптарының сот қанағаттандырған мөлшеріне пропорционалды, ал жауапкерге талап қоюшының талап қою талаптарынан бас тартылған бөлікке пропорционалды түрде алып беріледі.

Егер талап қоюшы мемлекеттік баж, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар төлеуден босатылса, мемлекет кірісіне шығыстарын төлеуден босатылмаған жауапкерден толық немесе талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігіне пропорционалды өндіріліп алынады. Өндіру жөнінде сот актісінде көрсетіледі.

Сонымен қатар азаматтық іс жүргізуде қорғаушының қызметақысына қатысты да даулы мәселелер болып жатады. АПК-нің 113-бабының 1-тармағында мүліктік талаптар бойынша осы шығыстардың жалпы сомасы талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс. Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша шығыстар сомасы ақылға қонымды шектерде өндіріліп алынады, бірақ ол үш жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. Көпшілік жағдайда мүліктік сипаттағы талаптар бойынша өкілдің қызмет ақысы соманың он пайызынан асып кететін жағдайлар да кездесіп жатады.

Тараптар бітімге келген жағдайда олардың арасында жасалған бітімгершілік шартында сот шығыстарын өндіру мәселесеі де қаралуы мүмкін. Яғни сот шығысын дауламау немесе өзара келісім негізінде қарсы тараптан өндіру. Сонымен қатар тараптар бітімге келген уақытта төленген мемлекеттік баж сот ұйғарымымен кері қайтарылады.

А.Әбілқайысқызы

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...