12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Би апа

Би – дала демократиясының діңгегі. Қара қылды қақ жарған, адамдар арасында қалыпты тіршілік қағидасына қиянат келтіргенге немесе ардан аттағанға ақиқат үкімін айтып, туралыққа үндеген төбе билер төрелігіне қалың ел қашанда тақ тұрған. Оның билігін бұқараға мойындатуының астарында қадір-қасиетіне кір жуытпаған әділетті қазылығы себеп.

Тарихымызда дала заңдарының темірдей тәртіппен шегенделген ережелерін еріккеннің ермегіне айналдырмай, айдар тұтып, мінезіне мін түсірмей, ұлттың міндетті мінберіне айналуына бабаларымыздың осындай аманатқа адалдығы дәлел.

Ал енді осы құндылығымыздың бүгінгі құрметі қандай? Қазақ халқының әдет-ғұрып заңдары Тәуке ханның кезінен атақты үш би – Қазыбек би, Төле би, Әйтеке бидің даналығымен дүниеге келген «Жеті жарғымен” жалғасын тауып, ғасырлар бойы сақ тұқымының саф тазалығына қорған болып келсе, енді бүгін ел тәуелсіздігін алған шақта қайта арнасын тауып, сот төрелігімен тұтастықта тұғырына қонған тәрізді.
Осы орайда Мемлекет басшысының пәрменімен Билер институтын құру қолға алынды. Қауымның өз арасынан шыққан, шындықтың туын тік ұстар, тазалығына шық жуытпаған табанды мінезімен «Тура биде туған жоқ» ұстанымын ұлықтай білер тәбәрік тұлғаны баяғының биіндей бетке тұтып, ақылына жүгініп, амал қылу, айналып келгенде, адасқанды жолға салып, сүрінгенді демеуге, жаңылысып, жаза басқанға абақтымен емес, ағайындықпен араша тұруға, сол арқылы әлеуметке тіреу болып, әділеттіктің салтанат құруына жол ашса керек.

Ата-баба дәстүрін жаңғыртуға ниетті жұртшылықтың қолдауымен жер-жерде Билер алқасы құрылып, бет-бағдарын бекемдеуге кірісті. Ауданымыз бойынша бес адамнан тұратын Билер алқасының төрағасы болып, сот саласының ардагері Кенжегүл Көпесова тағайындалды.

Тағайындалудың да өз себебі бар. Жалғандыққа қарсы тұрар қаранар мінез, жорта егесіп, жосықсыз жала қуғанның қиянатына қылбұрау салар қызыл тіл, әлімжеттікке тап болғанға қорған болар әділ үкімімен ел алдына абыройға ие болған. Ал осы сипатқа ие болуының мәні бір бөлек. Әйгілі Домалақ ананың тікелей ұрпағы. Сондықтан болар тектіден тектінің шыққаны.

Қырық жеті жыл құқық қорғау саласында қажырлы тер төккен, оның он алты жылында аудандық соттың судьясы болған, осы қызметте қаншама тағдырға үкім шығарған сайын бірге күйзелетін дағдысымен талай жүрек ауыртқан, айналасындағы әрбір замандастың өткені мен бүгіні көкірегінде сайрап тұрған, көпті көрген тәжірибелі тұлғаның тағлымын ұлықтап, төрге шығарып, Би етіп сайласақ, бұл біздің, сайып келгенде, заң төрелігіне деген құрметіміз емес пе?

Бір күндік баққұмарлықты емес, ел келешегін ойлаған әркім осылай әділ ой қорытса керек. Қазіргі заманның қазысы нешеме жылдар өзі жүргізген сот ісінде бір жақты шешім қабылдаған кезі болған емес.  Ажырасуға қадам жасаған өтініш иелерінің арызын қанағаттандырудан бұрын екі жаққада ақыл-кеңесінберіп, қаншама отбасылардың сақталып қалуына көп қажыр қайратын жұмсап келгеніне алдынан өткен дер куә.

Адам тағдырына келіп тірелетін мәселеде «жетіөлшеп, біркескен» байыпты көзқарасын нық ұстаған ұстанымын серік етіп қызметін абыроймен тиянақтады Отставкадағы судья Көпесованы аудан бойынша Билер кеңесінің төрағасы ретінде таңдау ол кісінің осындай құқықтық бағыттағы құзырлы әлеуетін әліде ел игілігіне бағыттау мақсатынан туып отыр.

Сүйген кәсібіне шын берілген бейнеткештігі сала саңлағын құрметтен де кенде етпеді. ҚР Конституциясының 10 жылдық мерекелік медалінің иегері, ҚР Судьялар Одағының «Үш би» белгісі және «Құрмет» медалімен марапатталған.

Э.Рыскулов
Жаңақорған аудандық сотының судьясы

Жемқорлықпен күрес тоқтамақ емес

Жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Елімізде сыбайлас жемқорлық...

Сот органынан шығатын ресми құжатты апостильдеу

Әрбір азаматтың өз құқықтарын білуі – ең басты құндылықтардың...

Электронное судопроизводство как фактор повышения открытости судов

Судебная система в числе первых органов государственной власти перешла...

Талап арыз қай тілде берілсе, сот ісі сол тілде жүргізіледі

Тіл – ұлттың тірегі. Ұлттың ұлт ретінде дараланып, тарихы...

Заң консультанттарының міндеттері мен қызметтері туралы

       Заң консультанттарының міндеттері  мен  қызметтері  Қазақстан Республикасының 2018...