12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жемқорлықтың жолы кесілуде

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес жыл өткен сайын күшейіп келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны қамтамасыз етуге бағдарланған, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын айқындайтын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесі де қалыптасқан. Оны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан, заңнамалардан айқын байқаймыз. 

Осы жылдар ішінде елімізде жемқорларға қатысты жазалар да біршама күшейтілді. Белгілі бір лауазымдар атқару немесе белгілі бір мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру аталған құқықтан өмір бойы айыруға ауыстырылды, шартты түрде соттау шарасын қолдануға, тараптардың бітімге келуіне байланысты жауапкершіліктен босатуға, сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарын жасаған тұлғаларға кепіл белгілеуге тыйым салынды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері он екі жылдың ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда, толықтырулар мен өзгертулер енгізілуде. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады.

Сыбайлас жемқорлық елдің ұлттық мүдделеріне, экономикалық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіріп қана қоймай, сонымен қатар бүкіл халықаралық қоғамдастықтың мүдделеріне қауіп төндіреді. Дәл осы себептен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызы БҰҰ құжаттарында және бірқатар басқа да халықаралық ұйымдардың құжаттарында ерекше атап көрсетіледі. Сондықтан еліміздегі жемқорлықты жоюдың халықаралық тұрғыдан да маңызы зор!

Пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптастыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Сондықтан өркениетті қоғам қалыптастыру жолында, жемқорлықсыз қоғам құру үшін бұл бағыттағы жұмыстар жемісті болмайынша күрес жалғаса бермек.

А.М.Нахипбекова, Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының бас маманы, Сот мәжілісінің хатшысы

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...