12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының жаңашылдығы бойынша

2019 жылы 27 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Мемлекет басшысымен қол қойылған Заң, қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы одан әрі жетілдіру, сондай-ақ жекелеген қылмыс құрамы бойынша, негізінен ауыр және аса ауыр қылмыстардың жауапкершілігін қатаңдату мақсатында әзірленген болатын.
Жалпы, заң нормалары ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған. Сонымен, өзгерістер келесі қоғамдық құқық бұзушылықтарға қатысты әсер етті, яғни: жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы; экологиялық және көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтарға; меншікке және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы, және басқаларға.
Аталған заңдағы келтірілген өзгерістерге нақтырақ тоқтала кетсек. Яғни, алғашқысы зорлау және жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері үшін жазаны күшейту. Осы қылмыстарды жасағаны үшін 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды (бұрын — 3 жылдан 5 жылға дейін) қарастырып, оларды ауыр қылмыстар санатына ауыстырды. Енді зорлау қылмысын жасағандар жәбірленушімен татуласып, жауапкершіліктен кете алмайды, себебі ауыр әрекеттер бойынша татуласуға тыйым салынады.
Жас балаларды зорлағаны және оларға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін 20 жылға бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру (бұрын — 17-ден 20 жылға дейін, не өмір бойына бас бостандығынан айыру) жазасы көзделген.
Браконьерлік, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспектордың, қорықшының өміріне қолсұғушылық және оларға қатысты күш қолдану үшін жауапкершілікті күшейтеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді.
Яғни, бұл есірткі заттарын әлеуметтік желілерді, әртүрлі мессенджерлерді пайдалана отырып өткізу. Мұндай әрекеттер аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған, ал оларды жасағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін (бұрын — 5 жылдан 10 жылға дейін) мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Азаматтарды есірткінің заңсыз айналымы саласына тартуға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында оларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді (бұрын әкімшілік жауапкершілік болған). Осы әрекет үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы, ал қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлар кезінде адамдар тобының немесе бірнеше рет, білім беру ұйымдарында, жаппай жерлерде, БАҚ немесе электрондық ресурстарды пайдалана отырып, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Ұрлық жасаған үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленіп, ауыр қылмыс санаты деп танылды, бұл қылмыс бойынша жәбірленушімен татуласу мүмкіндігін болдырмайды.
Аса маңызды жаңа норма Қылмыстық кодексті мал ұрлығы үшін жауапкершілікті белгілейтін және күшейтетін жаңа баппен толықтырылды.
Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұза отырып, абайсызда адамның денсаулығына зиян келтiруге, адам өліміне, екі немесе одан көп адамның өліміне алып келген іс-әрекет жасаған үшін Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізілді. Бірақ, осы бапта ескертпесінде, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдар жатпайды деп көрсетілген.
Сонымен қатар, адам саудасы, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық зомбылық, балаларға және адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық жаза мен жауапкершілік қатаңдатылды.
Жоғарыда аталған өзгерістер мен толықтырулар алдағы уақыттарда азаматтардың заңды мінез-құлқын қалыптастыруға, қоғамға деген көзқарасты өзгертуге тиімді әсер ететіні және жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге ықпал ететіні күмәнсіз.

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы
Динара Джузбаева

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...