12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img

Лудомания

Атырау облыстық сотында Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәселелері бойынша семинар өтті.

Департамент басшысының орынбасары (Әдеп жөніндегі уәкіл) Руслан Кулмуханов өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қарашадағы Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемесіне баруына тыйым салуды көздейтін өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

«Лудомания-бұл адамның денсаулығы мен өмір сапасына елеулі әсер ететін психикалық ауру. Ойынға тәуелділік отбасындағы елеулі қақтығыстар, жақындарымен және достарымен қарым-қатынастың үзілуі, қаржылық жағдайдың нашарлауы және кәсіби қызметтегі қиындықтар секілді отбасылық және әлеуметтік мәселелерге әкеледі. Мұның барлығы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасау тәуекелдерін арттырады», — деді Р.Кулмуханов.

Ол сондай-ақ ашықтық, клиентке бағдарлану, соттарда кері байланысты қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.

«Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады, сондықтан біз әдепті мінез-құлықтың үлгісі болуға және Әдеп кодексінің қағидаттары мен талаптарын қатаң сақтауға тиіспіз», — деп толықтырды спикер.

Іс-шара соңында облыс соттары әкімшілерінің басшыларына қызметкерлердің жұмысын күнделікті бақылауды, олардың әлеуметтік өміріне кәсіби қызығушылық танытуды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтау және ақпараттандыру бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ішкі қауіпсіздікті сақтау

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен олардың алдын алу...

Тіл — ең асыл құндылық

Қазақ тілі — қазақ халқының  басты рухани байлығы.  Әр...

Судья лауазымына кандидаттарды даярлау мен іріктеудегі жаңғыртулар

Сот – мемлекеттік биліктің бір тармағы. Сот алаңындағы тура...

Сотқа құрметтемеушілік білдірген – жауапкершілікке әкеледі

Қазақстан Республикасының заңнамасында сотқа құрметтемеушілік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік...

Сотқа құрметтемеушілік білдірген – жауапкершілікке әкеледі

Қазақстан Республикасының заңнамасында сотқа құрметтемеушілік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік...