12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Отан отбасынан басталады

Елдегі татулықтың берік, тыныштықтың баянды болуы әр отбасындағы сыйластық пен сенімге тәуелді. Себебі, Отанның негізі – отбасы. «Отан отбасынан басталады» деген тегін айтылмаған. Отанның тірегі болар білімді, жанашыр, рухты ұрпақтың тәрбиесі осы отбасынан бастау алады. Ал өзара сыйластығы азайған, бірін-бірі түсінуден қалған ерлі-зайыптылар ұрпаққа не беруі мүмкін? Өкінішке орай, кейінгі кезде отбасын сақтай алмай, ажырасуға шешім қабылдаған жандар көбейді.  

Ажырасу бұрын тек ірі қалаларда, орталықтарда кездесетін. Қазір шағын аудандар мен ауылдарда да бұл мәселе қалыпты көрініске айналып барады. Содан болар, жұртшылық неке бұзу, балаға алимент өндіру дегенге таңырқамайды. Бұрынғы бабалардың түсінігінде неке – ең берік, ең қадірлі, ең мызғымас одақ дегенді білдіретін. Азаматтар қандай қаржылық қиындық, нендей әлеуметтік ықпал, қым-қуыт жағдай болса да некесін сақтап қалуға барын салды. Себебі, некені сақтаудың артында ата-баба атына кір келтірмеу, азаматтығыңа көлеңке түсірмеу, ұрпағыңның алдындағы парызға жауаптылықпен қарау секілді маңызды міндеттер тұр. Ажырасуға бел буу – осы азаматтық міндеттерді аяқ асты ету болмақ. Бірақ, ажырасам дегендер өзінің некелік міндетінен гөрі, материалдық игіліктің төмендігін, тұрмыстық қиыншылықтың қажытқанын, жұбайының адал болмағанын, отбасына үлкендердің араласқанын, арақ пен нашаға, ойынға құмарлықтан шаршағанын алға тартып жатады. Ажырасудың көптігінен некенің маңызы да, мәні де төмендеп кетті. Соның кесірінен сот өндірісіне некені бұзу туралы талап арыз көп түседі. Тәжірибеде осындай түйткілмен жиі бетпе-бет келген соң Жоғарғы Сот тарапынан ажырасу деректерін азайтуға, некені сақтап қалуға барлық амал, әдістер қолданылуда. Отбасылық сот пилоттық жобасының қолға алынуы да осы игі істің негізінде жасалған пәрменді шараның бірі.

Ажырасудың салдары ауыр. Оны намыс үшін күні-түні жұмыс істеп қалжыраған аналардың келбетіне, әкесін аңсап мұңайған балалардың жанарына қарап-ақ білу қиын емес. Егер бұрынғыдай ауыл ақсақалдарының пәрмені мықты болса, сөзі өтімді болса сотқа түсетін ажырасу арыздарының саны әлдеқайда аз болар еді. Өкініштісі, жастар сөз түсінуден, үлкенді сыйлаудан алыстап барады. Менмендік, өзімбілемдік басым. Соның кесірінен жанашырлықпен айтылған тілекті, қамқорлықты түсінбейді. Сотқа келген ерлі-зайыптылардың арынын басып, ашуын тарқатып, татуласуына жағдай жасау – судьяның міндеті. Қазір ортасында бала жоқ болмаған, мүліктік, материалдық дауы жоқ тараптар Азаматтық хал актілерін тіркеу органына некесін бұза алады. Екіжақты келісім болса жеткілікті. Ал ортақ баласы бар, отбасындағы мүлікке қатысты даудың бәрі сот арқылы шешімін табады.

Соттасқан адамдар бір-бірінің кемшілігін тереді, бір-біріне айғайлайды, бұрынғы жараны одан сайын тереңдете түседі. Осының алдын алу үшін судьялар ажырасуға бел буғандармен ашық әңгімелесіп, психолог, медиаторлардың көмегімен жағдайды түсіністікпен, татулықпен шешуге әрекет жасайды. Ерлі-зайыптыларға психологтың кеңесі ауадай қажет. Мықты психолог мәселенің түйінін қиындықсыз тарқатады. Тараптардың ойлануына уақыт бере отырып, түзу жол нұсқау, өз жауаптылығын сезіндіру, қатесін түсінуіне ықпал ету, бала алдындағы міндеттерін еске салу судьяның парызы. Расында, отбасын сақтау үшін керегі тілек пен шыдамдылық қана. Кемшіліксіз адам жоқ. Соған сәйкес, кемшіліксіз қарым-қатынас та болмайды. Сондықтан ерлі-зайыптылар кінәні өзгеден іздемей, алдымен өзінің мін-кемшілігін табуға, жоюға әрекет етуі керек. Отбасын сақтау үшін әрбіріміз ішкі менмендікті, өзімшілдікті, жалған намысты, тәкаппарлықты ұмытып, өз ошағымыздың түтінінің түзу шығуына бар күшімізді салуға тиіспіз. Біздің балаларымыз – біздің қателіктерімізді қайталайтынын ұмытпайық! Өйткені, «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі».

Сот тарапынан жүзеге асырылған «Отбасылық сот» жобасының міндеті – жұбайлар арасында жанжал туындау себептерін анықтау; оларды жоюға жәрдемдесу, отбасындағы жағдай толық сауығып кеткенге дейін психологиялық, әлеуметтік және құқықтық сүйемелдеуді ұйымдастырып, қамтамасыз етуге негізделген. Әрине, сот отырысын өткізіп, іс бойынша заңға сәйкес шешім шығара салу көп уақыт алмайды. Ал аталған жоба арқылы соттар тараптарға жанашырлық танытып, арыз сотқа түскен алғашқы күндерден бастап ерлі-зайыптыларды татуластыруға бағытталған көптеген кездесулер өткізіп, өз уақыттарын бөліп,  татуласудың қамын жасауда. Қалай болғанда да отбасын кешенді тәсіл, жүйелі көмексіз сауықтыру мүмкін емес. Ал уақытша татуласқан отбасының тыныштығы ұзақ сақталмайды. Осы тұрғыдан алғанда тәжірибеге енгізілгелі отырған Отбасылық соттар некені сақтауға, толық емес отбасылардың азаюына, балалардың психологиялық сққы алмауына айтарлықтай әсер етеді деген ойдамыз.

Н.Әбдікәрім,

 Қызылорда облысы

Сырдария аудандық соты әкімшісінің басшысы

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...