12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік- экономикалық даму болшағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.     

Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың және мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйым басшыларына жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасау жауаптылығы белгіленеді. Ендігі жерде өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар туралы әрбір басшы тиісті органдарға,лауазымды адамдарға дер кезінде хабарлауға міндетті. Егерде, ол осы міндетін орындамаса, заңда белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тартылады. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу қызметі көтермеленеді, мұндай жағдайда оларға ынталандыру шаралары қолданылады. Бұл дегеніміз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіл халықты жұмылдырудың нақты көрінісі болып отыр. Бұл бастама алғаш енгізілгенде қарапайым халықтың бірден қабылдай қоймағаны рас. Себебі, халық бұған дейін сыбайлас жемқорлық секілді тамырын тереңге тартқан кеселді жеңуде септігін тигізе алады дегенге сене қоймайтын. Ынталандыру тетігі кез-келген азаматтың өзіне деген сенімін нығайтты. Көп болып күрескенде, жұдырықтай жұмылғанда кемшілікті түзеуге, кеселді жеңуге болатынын ұғындырды.

Жаңадан қолданысқа енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңда сыбайлас жемқорлықтың жаңа көріністері енгізіліп отыр. Яғни, құжат арқылы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру, сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлестіру жөніндегі өкілеттіктер берілген уәкілетті орган айқындалған. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен талдау шаралары қамтылады.   

Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу-тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, барлық азаматтардың парызы.

Мұндай ауыр кеселді мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен және бүкіл ел, қоғам болып қолға алуымен тоқтатуға болады.

Бүгінгі таңда мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлықтың қоғамда белең алуы ең алдымен мемлекеттің беделіне, сонымен бірге, сот пен барлық құқық қорғау органдарының беделіне зор нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлықтың ең кең таралған түрі – пара алу және пара беру.   

Біздің мемлекетіміз басқа көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ міндеттемелік шарттарын белгілеп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы сыбайлас жемқорлық қарсы күрес туралы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден  Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік функцияларды орындайтын мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар және оларға теңестірілген тұлғалардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жүргізілетін іс-шараларды тиімді ету мақсатында мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлыққа көріністерін шектеуге бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленеді және жүзеге асырылады. Жоспарланған іс-шараларды іске асыру қылмыстық шабуылдан азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдар мен қоғамның белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлық-заманмен бірге өсіп-өркендеп небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де айналып өткен жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ , кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың ,дара кәсіпкерлердің,азаматтардың  қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде.  Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып ,ат салысып , қарсы күресуіміз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымз анық. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі —  ол азаматтардың арыз-шағым, өтініштері. Мемлекетіміздің кез-келген азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Жемқорлықты жоюды мақсат еткен жергілікті атқарушы органдар жолдауда берілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті деп санайды. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен баршамыз бір кісідей атсалысып,күресуіміз қажет. Жемқорлықпен күрес әрбір саналы азаматтың парызы. Кез-келген өркениетті қоғам үшін жемқорлықпен күрес өзекті мәселе болып отыр. Елімізде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да,  атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық ,бірақ бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ. Сыбайлас жемқорлық заманның ағысымен өсіп келе жатқан, мол қаражат болған жерге тамырын тереңінен жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған қоғамдық дерт. Осындай келеңсіз құбылыстармен күрес жүргізу тек сот және құқық қорғау мемлекеттік органдардың міндеті ғана емес, әрбір ұлтжанды азаматтардың парызы. Мұндай ауыр дертті тек мемлекет және құқық қызметкерлерінің күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықтың алдын бүкіл халық  болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады. Сол себептен барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдап өз құзіретінің  шегінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Бүгінде барлық мекемелерде сенім телефондары жұмыс жасайды. Мемлекеттік органдардың қызметшілері халыққа мемлекеттік қызметтерді электронды түрде қол жетімділігі жөнінде кеңінен насихаттауда. Бұл да белгілі бір дәрежеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жолы болып табылады. Ертеңгі болашағы үшін алаңдайтын әрбір саналы азамат жемқорлықты ауыздықтау ісінде өзінің жеке үлесін қосқаны абзал.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлықпен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.      

Асем Спанова,

Атырау облысының қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

соты әкімшісінің басшысы

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...