12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы қажет

Сыбайлас жемқорлықпен күресу әлемдегі және еліміздегі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Күн сайын барлық жерлерде осы бір індеттің алдын алу бойынша айтылғанымен, сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстардың азаймай тұрғанына куә болып келеміз.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендетіп, қоғамның дамуын тежеп, елдің халықаралық беделін түсіретіні белгілі. Ең бастысы — азаматтардың заң мен әділдікке деген сеніміне кері әсер етеді.

Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Қоғамдағы осы қылмыстарға жаза беру – Қазақстан Ресупбликасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген. Яғни кодекстің 15-тарауында мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы айтылған. Өз кезегінде мұндай қылмыстарға лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану; билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану; лауазымды адамның өкiлеттiктерін иемденіп алу; кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу; заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау; пара алу, беру; парақорлыққа делдал болу; қызметтiк жалғандық жасау және қызметтік әрекетсіздік санаттары жатады.
Осы жерден көретініміздей мемлекеттік функциясын іске асыру міндеті жүкетелген адамның қызметін теріс пайдалу және оны ақшағы сату болып табылады.

Мұндай қасіреттің алдын алу үшін заңның қаталдығы, сонымен қатар әрбір адамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет болуы қажет. сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.

Сот жүйесінде де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұдайы жүргізіліп отырады. Қызметкерлер және сотқа келуші тараптар ғимарат ішіне кірерде жіті тексеріледі. Сот ғимаратының сыртында және ішінде бақылау камералары орнатылған.

Оқу, семинар сабақтары ұдайы өткізіліп отырады. Яғни соттағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жиіс өткізіліп келеді.

Әрбір қоғам дамуының жақсы жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.

Берденова Гүлбану

Қызылорда қалалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...

Жемқорлықпен күрес тоқтамақ емес

Жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Елімізде сыбайлас жемқорлық...