12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тәртіпсіздіктерге қатысқандарға 20 доллардан 100 долларға дейін төленген — Бас прокуратура

Бас прокуратура Талдықорғанда қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысушыларға 20 доллардан 100 долларға дейін төленгенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алматы облысында тәртіпсіздіктерге қатысушыларды қаржыландырған, сондай-ақ азаматтардың мүлкіне зиян келтіруге және мемлекеттік нысандарды басып алуға ықпал еткен О. және Н. есімді азаматтар анықталды. Тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін бір адамға 20 доллардан 100 долларға дейін төленген. Бұл деректер тергеу барысында анықталды және жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікке ілінген тұлғалардан жауап алу кезінде расталады», — деді Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, 4 қаңтарда Алматыда Telegram-арнасын ашып, санаулы сағатта бірнеше мың оқырман жинаған Жамбыл облысының тұрғыны анықталған.

«Осы Telegram-арнасы арқылы қатысушылар бөгет құру, Молотов коктейльдерін жасау, тәртіп сақшыларына қарсы тұру және ғимараттарды басып алу бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулар алған. Одан кейін осы арнада 5 және 6 қаңтарда бүлікшілердің қозғалысы және олардың Жамбыл облысындағы мемлекеттік нысандарға жасаған шабуылдарын түзету туралы ақпарат жүрді. Мұның дәлелдері тергеуде бар. Күдікті анықталып, қамауға алынды», — деді Қилымжанов.

Есірткіге тәуекелділіктің соңы – қылмыс

Есірткі – қоғам дерті, ғасыр індеті. Ел ертеңіне алаңдаған...

«Справка о наличии либо отсутствии судимости в онлайн режиме»

Комитетом по правовой статистике и специальным учетам Генеральной Прокуратуры...

СРОК ЗА ГЛУПУЮ ШУТКУ

«Всякое действие имеет противодействие». Так гласит третий закон Ньютона....

В УСЛОВИЯХ НОВОГО ЗАКОНА

18 ноября 2022 года вводится в действие Конституционный закон...

Прокурорлар тұтынушылардың құқықтарын қорғады

Атбасар ауданының прокуратурасы жылу энергиясын пайдалану қызметі үшін тұтынушылардан...